АСТАНА. KAZINFORM — Астана — Қарағанды — Алматы автожолында экскаватор тиелген трал тіркемесі бар жүк көлігі жол өткеліне соғылды.
«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы баспасөз қызметінің хабарлауынша, жол-көлік оқиғасы 7 қыркүйек сағат 14:20 шамасында аталған автожолдың 165-шақырымында, Ақтау жол өткелі маңында болған.
Апат салдарынан жол өткелінің конструкциясы механикалық зақымданған.
— Қазіргі уақытта мамандар нысанның техникалық жай-күйіне тексеру жүргізіп жатыр, — делінген хабарламада.
Еске салайық, бұған дейін Алматыда жүк көлігі жол өткелінің астындағы бетон қоршауға соғылғанын хабарлаған едік.
Мейірман Лес
Еуразия ұлттық және Қазақ ұлттық университеттерін бітірген. Республикалық "Ұлан" газетінде, Baribar.kz, Holanews.kz, Zakon.kz, Tengrinews.kz, Massaget.kz, Ulysmedia.kz порталдарында журналист, продюсер, шығарушы/шеф/бас редактор қызметтерін атқарған. 2025-2026 жылдары Kazinform агенттігінің Алматыдағы меншікті тілшісі болып еңбек етті, қазір қазақ редакциясының шығарушы редакторы.