«Астана — Қарағанды — Алматы» трассасында көлік қозғалысы он күнге шектеледі

АСТАНА. KAZINFORM — 8 шілдеден бастап Алматы облысында «Астана — Қарағанды — Алматы» автожолының учаскесінде көлік қозғалысына уақытша шектеу қойылады, деп хабарлайды «ҚазАвтоЖол» ҰК баспасөз қызметі.

Фото: «ҚазАвтоЖол» компаниясы

«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы» АҚ Алматы облысында республикалық маңызы бар KAZ-01 «Астана — Қарағанды — Алматы» автомобиль жолын орташа жөндеу аясында 1121–1186 шақырым және 1194–1209 шақырым аралығындағы учаскелерде жол жұмыстары жүргізілетінін хабарлады.

— Осыған байланысты 2026 жылғы 8–18 шілде аралығында Ақсай — Жібек жолы учаскесінде, 1177–1186 шақырым аралығында күн сайын сағат 06:00–ден 20:00–ге дейін көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі. Жөндеу жұмыстары кезеңінде қозғалыс айналма бағыт арқылы ұйымдастырылады, — дейді мамандар.

Фото: ҚазАвтоЖол

Сонымен қатар 2026 жылғы 8 шілдеден бастап Күрті — Шабыт учаскесінде, 1121–1177 шақырым аралығында көлік қозғалысы ашылады. 

— Жүргізушілерден сапарды алдын ала жоспарлауды, уақытша жол белгілерінің талаптарын сақтауды және жүргізіліп жатқан жұмыстарға түсіністікпен қарауды сұраймыз, — делінген хабарламада.

Осыған дейін Түркістан облысында аптап ыстықтан жол жабыны көтеріліп кеткенін жазғанбыз.