Астана-Қарағанды тасжолындағы жөндеу жұмысына байланысты көлік қозғалысы баяулайды

Фото: Видеодан алынған скрин

АСТАНА. KAZINFORM – Республикалық маңызы бар KAZ01 «Астана – Қарағанды – Алматы» автожолының Астана – Қарағанды бағыты бойынша 0-16 шақырым аралығында орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды «ҚазАвтожол» ұлттық компаниясы.

Қазіргі уақытта полимерлі қиыршық тасты-мастикалық асфальтбетон төсеу, роликті тосқауыл қоршауларын орнату, гранит бордюрлерін қою және бағдаршам нысандарын қайта жабдықтау жұмыстары атқарылуда.

- Аталған учаске Мичурино, Күйгенжар және Жібек Жолы елді мекендерінің маңынан өтетіндіктен, көлік қозғалысының баяулауы мен уақытша кептелістер болуы ықтимал, - деп ескертті жауапты ведомство.

«ҚазАвтожол» уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұрап, жүргізушілерге сапарларын жоспарлау кезінде жөндеу жұмыстары жүріп жатқан аумақты ескеруді ұсынады.

Айта кетейік, Алматыда жол жөндеген мердігерлерді полиция тексеріп жатыр.