Астана – Қарағанды тасжолының бір бөлігі екі аптаға жабылады

АСТАНА. KAZINFORM — Астанада жол жөндеу жұмыстарына байланысты Астана–Қарағанды тасжолының бір бөлігінде көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі.

Фото: Дарья Аверченко/Kazinform

Қала әкімдігінің мәліметінше, Қобда тұйық көшесінен А-135 көшесіне дейінгі аралықта жол төсемінің жоғарғы қабатын төсеу жұмыстары жүргізіледі.

— Осыған байланысты 29 шілде мен 12 тамыз аралығында аталған учаскеде көлік қозғалысы ішінара жабылады. Бұл кезеңде автокөліктер жолдың бір жолағымен екі бағытта кезектесіп қатынайды, — делінген хабарламада.

Әкімдік жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлап, уақытша енгізілетін өзгерістерді ескеруге кеңес берді.

Сондай-ақ жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жөндеу аймағында уақытша жол белгілері мен бағыттаушы көрсеткіштер орнатылады.

Еске салайық, бұған дейін Астана – Қарағанды тасжолында жол апатына байланысты бір жолақ жабылғанын хабарлаған едік.