– Жөндеу жұмысына байланысты 24 қыркүйек пен 2 қазан аралығында көлік қозғалысы ішінара жабылады, - делінген хабарламада.
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер жол қозғалысын алдын ала жоспарлауы және қозғалысты ұйымдастырудағы ықтимал өзгерістерді ескеруді сұраймыз. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылады.
Еске сала кетейік, бұған дейін Астана-Қарағанды тасжолындағы жөндеу жұмысына байланысты көлік қозғалысы баяулайтынын хабарлаған едік.