Астана - Қарағанды автомобиль жолын қайта жаңарту жобасы бойынша конкурстық өтінімдерді ашу комиссиясының отырысы өтті

ың 30-ы. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Кеше Көлік  және коммуникация министрлігінде Қостанай, Астана және Қарағанды қалалары арқылы өтетін Ресей Федерациясының шекарасы - Алматы автомобиль жолының Астана - Қарағанды учаскесін қайта жаңарту және пайдалану концессиялық жобасы бойынша концессионерді анықтауға арналған ашық конкурсына тапсырылған конкурстық өтінімдерді ашу жөніндегі комиссияның отырысы өтті,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Аталмыш министрліктің баспасөз қызметінің  мәліметінше, комиссия отырысы вице-премьер Серік Ахметовтың төрағалығымен болған.  «С. Ахметов өз сөзінде автомобиль жолдары саласындағы концессиялық жобаларды жүзеге асыру, оның ішінде Алматы - Қапшағай, Алматы - Қорғас, Астана - Қарағанды автомобиль жолдарын қайта жаңарту және Алматының Үлкен айналма автомобиль жолын (АҮААЖ - БАКАД) салу Елбасының Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауында аталған тапсырмаларын орындау екендігін атап өтті. Конкурстық өтінімдерін ашу сәтінде Украинаның және Люксембургтың екі әлеуетті концессионері анықталды. Алдағы алты айда конкурстық өтінімдерді бағалау, талдау мен сараптау, үздік өтінімді анықтау, әлеуетті концессионермен келісу мен келісімге отыру конкурстық рәсімдері өткізіледі», делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.  

Қалған үш концессиялық жоба, атап айтқанда Алматы - Қапшағай, Алматы - Қорғас, Алматының Үлкен айналма автомобиль жолы бойынша конкурстық өтінімдер шілденің 27-сінде, тамыздың 31-інде және қыркүйектің 28-інде өтеді.