«Астана-Қарағанды» автожолының «Астана-Теміртау» учаскесінде жол қатынасы шектелді

АСТАНА. 23 ақпан. ҚазАқпарат - 2011 жылғы 23 ақпанда сағат 9.25-тен бастап ауа райының қолайсыздығы (боран, қар) және жолдың нашар көрінуі салдарынан «Астана-Қарағанды» автожолының «Астана-Теміртау» учаскесінде автокөліктің барлық түріне жол жүруге тыйым салынды,

деп хабарлады ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің баспасөз қызметі.

ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің «Қазақавтожол» РМК-да автомобиль жолдарының жабылған учаскелері жөнінде халықты хабардар ету үшін тәулік бойы диспетчерлік қызмет жұмыс істейді, байланыс телефоны (7172) 44-46-85. Сонымен қатар, жолдар жөніндегі шұғыл ақпарат www.mtk.gov.kz, www.kad.gov.kz, www.kazavtodor.kz сайттарында жарияланады.