Облыстық ІІД баспасөз қызметінің басшысы Гүлнәр Пинчуктің хабарлауынша, Аршалы кентіне 10 шақырым қалғанда Астана-Қарағанды бағытында жүріп бара жатқан КамАз жүк көлігі алда туындаған кедергіге байланысты артқа қарай бұрылмақ болған. Осы кезде оған жеңіл көлік келіп соқтығысқан.
Апатқа ұшыраған көліктердің нақты саны әзірге белгісіз. Алдын ала дерек бойынша кемі 15 көлік соқтығысқан.
Қаза болғандар жоқ. Жарақат алғандар Аршалы аудандық ауруханасына жеткізілген.
Айта кетейік, бұған дейін апат болған жерде куәгерлер түсірген видеоны жариялаған болатынбыз . Бейнероликті «ҚазАқпарат» агенттігіне куәгерлер жолдады.