(1142-1216 км, 1096-1142 км, 1038-1096 км, 997-1038 км) «Астана-Қарағанды» учаскесін қайта жаңарту және пайдалану» концессиялық жобасын іске асыру үшін концессионерді таңдау бойынша конкурс өткізетіндігі туралы хабарлады. Бұл туралы ведомствоның баспасөз баянында айтылған.
Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі «Концессиялар туралы» Заңына сәйкес конкурсқа барлық мүдделі әлеуетті концессионерлер қатысуына болады. Хабарландыруда конкурстық құжаттамалардың электрондық нұсқаларын 2011 жылғы 5 қазанға дейінгі мерзімді қоса алғанда министрліктен алуға болатыны құлаққағыс етілген.