«Астана-Қаржы» Банкі АҚ-да кадрлық өзгерістер орын алды
Сөйтіп, банк акционерлерінің қайта өткізіліп отырған кезектен тыс жалпы жиналысының шешімімен «Астана-Қаржы» Банкі АҚ директорлар кеңесінің төрағасы А.Артышконың, директорлар кеңесінің мүшесі А.Савчуктың және тәуелсіз директор А.Мәмештің өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды.
«Астана-Қаржы» Банкі АҚ директорлар кеңесінің төрағасы және банктің бас басқарушы директоры болып Е.Шәкібаев тағайындалды.
Банктің директорлар кеңесі төмендегідей болып бекітілді: А.Зүбаиров, А.Омарханов, Н.Самзаев, Р.Ошақбаев және Г.Исабаева (екеуі де тәуелсіз директорлар).
Маусымның 16-сынан бастап «Астана-Қаржы» Банкі АҚ басқарушысының төрағасы С.Терешкованың, ал маусымның 21-інен бастап - «Астана-Қаржы» Банкі АҚ басқарушы төрағасының орынбасары М.Горемыкиннің өкілеттіліктері мерзімінен бұрын тоқтатылды.
Банктің жаңа басқарушы мүшелері сайланды. Басқарушының төрағасы болып Нұрбол Самзаев, орынбасарлары болып Ербол Шаймаханов пен Бағлан Мамытәлиев тағайындалды.