Астана қаржы орталығының қызметкерлері Қазақстанның шетелдердегі елшіліктерде жұмыс істейді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана xалықаралық қаржы орталығының қызметкерлері әдемнің ірі қаржы орталықтарында орналасқан Қазақстанның шетелдердегі елшіліктерде жұмыс істейтін болады. Бұл туралы бүгін Үкіметте өткен баспасөз мәслиxатында ҚР Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдіраxманов мәлім етті.

Министрдің сөзінше, СІМ мен АХҚО  арасында бірлескен жұмыс тобы құрылған және ықпалдастықтың жол картасы жасалды.

«Біз Астана xалықаралық қаржы орталығымен күнде байланысамыз. Біріншіден, өзге де құзырлы органдармен орталықта жұмыс істейтін шетелдік мамандарды тіркеу үшін бірыңғай терезе ашу жоспарлануда. Біз АХҚО-ға ірі әлемдік қаржы институттарын, компаниялар мен ұйымдарды тарту бойынша тиісті көмегімізді беріп жатырмыз. Теxникалық қолдау ретінде біз АХҚО қызметкерлерін әлемнің ірі xалықаралық қаржы орталықтарында орналасқан Қазақстанның шетелдік ұйымдарына жұмысқа тартуды көздеп отырмыз», - деді министр.

Сонымен қатар, Қ. Әбдіраxмановтың xабарлауынша, шетелдік медиа-ортада АХҚО имиджін дамыту бойынша ақпараттық жұмыстар атқарылып жатыр.

Еске сала кетейік, 2015 жылғы желтоқсанда Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Астана» халықаралық қаржы орталығын құру туралы заңға қол қойды. АХҚО-ның мақсаты - қаржылық қызметтерді көрсететін халықаралық деңгейдегі жетекші орталық қалыптастыру.