«Іс-шараның кешенді әрі нәтижелі өткізу мақсатында көптеген мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері шақырылды. Олар қала тұрғындарын мазалайтын сұрақтарына егжей-тегжейлі жауап берді», - делінген хабарламада.
«Ашық есік күнін» өткізу мақсаты - қала тұрғындарының заңнамалық сипаттағы сұрақтарын шешуде бірлесіп көмек көрсету, қаланың түрлі санатындағы халық өкілдерінің мемлекеттік және құқық қорғау органдарымен ой алмасуы, тілдесуі.
Осы күні департаментке келген азаматтарға құқықтық көмек көрсетіліп, сұрақтарына жауап берілді. Оның ішінде департаменттің өндірісіндегі қылмыстық істердің тергелу барысы туралы мол мағлұмат берілді.