Астана Қазақстан халқының бірлігі күнін мерекелеуде

АСТАНА. Мамырдың 1-і. ҚазАқпарат – Осы минөттерде Астана Қазақстан халқының бірлігі күнін мерекелеуде,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.Халық серуені сағат 10-да басталды және кешке дейін жалғасады. Мерекелік шаралар ескі алаңда, «Жастар» сарайының, Мектеп оқушылары сарайының алдында, сондай-ақ ҚР Қаржы министрлігі алдындағы алаңда өтіп жатыр.Елорда тұрғындары мен қонақтарына ұлттық-мәдени орталықтар шығармашылық ұжымдарының және қазақстандық эстрада «жұлдыздарының» өнері ұсынылады. Қаланың кішкентай тұрғындары үшін спорттық және ойын-сауық алаңдары ұйымдастырылған. Мектеп оқушылары сарайының алдында әртүрлі сұрақ жауап ойындары мен концерт болады. Қала алаңдары мен гүлзарлары жанында балаларға әртүрлі әткеншектер орнатылған. Конгресс-холл алаңында «Атамекен ? Қазақстан картасы» этномемориалдық кешенінің жылжымалы көрмесі өтуде, оған 30-дан астам ғимараттың макеті қойылған. Ал Есіл өзенінің жағалауында суретшілер мен қолөнер шеберлерінің жұмыстары көрмесі ашылды. Сағат 13-те «Жастар» сарайының сахнасында Астана қаласы мемлекеттік филармониясы үрлемелі аспаптарының мерекелік концерті, сағат 19-да қалалық алаңда мерекелік дискотека өтеді.