Астана Қазақстанның көрнекті жетістіктерінің футуристік символы болып табылады - Франция Президенті Н.Саркози
Президент мырза,
қымбатты Нұрсұлтан!
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдық мерейтойына байланысты менің ең жылы лебіздерімді қабыл алыңыз.
Қазақстанның Сіздің басшылығыңызбен бұлыңғыр болашақты бұрынғы кеңестік республикадан халықаралық абыройы күн санап өсіп келе жатқан, этносаралық және конфессияаралық келісім үстемдік құрған, бірыңғай серпінді даму жолындағы елге айналу барысында жүріп өткен жолы таң қалдырады.
2009 жылдың қазан айында маған ресми сапармен келіп, Астананы тамашалау бақыты бұйырды. Жаңа елордаларыңыз осы көрнекті жетістіктеріңіздің футуристік символы болып табылады.
Біздің тұрақты кездесулеріміз 2008 жылдың 11 маусымында Париж қаласында Сізбен қол қойған стратегиялық әріптестік туралы келісімге өте нақты мазмұн енгізуге мүмкіндік берді. Мен 2012 жыл онсыз да қарқынды, үдемелі екіжақты әріптестікке жаңа көкжиектер ашады деп сенемін.
Президент мырза, қымбатты Нұрсұлтан, Сізге деген шынайы құрметімді жеткіземін.