Шара қожайыны 20 қаңтар күні анықталады. Биылғы жұлдыздар матчы Уфа қаласында өтеді.
Жұма күні келесі жылға берілген өтінімдер қаралады, Уфа көрсеткен ұйымдастыру деңгейіне қол жеткізу қиын болады, - деді Кобылянский.
Хоккей апталығын өткізуге Хельсинки, Қазан, Владивосток және Астана қалалары ниет білдіріп отыр.
10:10, 20 Қаңтар 2017
Астана ҚХЛ жұлдыздарының матчын өткізуге ниетті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Құрлықтық хоккей лигасының вице-президенті Георгий Кобылянский Жұлдыздар матчы-2018 жарысын өткізуге Хельсинки, Қазан, Владивосток және Астана қалаларының үміткер екенін хабарлады, деп жазды sport-express.ru.