Астананың кішкентай тұрғындары үшін қалада бірқатар танымдық әңгімелер мен көрмелер ұйымдастырлады. №2 балалар кітапханасында «Астана - арман қала» тақырыптық сөресі мен «Жаса, жайна ару қалам - Астана!» кітап мерекесі жоспарланған.
«Туған күніңмен, Астана!» тақырыбын №3 балалар кітапханасы, «Астана - менің бас қалам» іс-шарасын №4 балалар кітапханасы өткізеді.
«Бұл жер бетіндегі ең сүйікті қала» тақырыбымен №5 кітапхана көрмесін ашса. «Астанам - ең көркем кала» өлкетану сабағын №8 балалар кітапханасы өткізеді.
Қаланың көпшілік кітапханалары да бірқатар кешенді мерекелік іс-шараларды әзірлепті. Олардың қатарында №2 кітапханадағы «Астана - бұл бір әлем!», «Елорда келбеті» және №5 кітапхандағы «Жасай бер, әсем Астана!» іс-шаралары бар.
«Астана - Қазақстанның жетістігі мен табысының нышаны» тақырыптық сөресімен басталған мерекелік көрмелер, №6 кітапханада кітап мерекесіне, №10 кітапхандағы «Ару қала - Астана» іс-шарасына жалғасады. «Астана - Отанымыздың жүрегі, тәуелсіздігіміздің тірегі» №11 кітапханада өтеді.
«Осы аталған іс-шаралардың барлығы да адамның жанын байытып, рухани азық ретінде патриоттық тәрбиеге бағытталған үлкен маңызды іс-шаралар. Сол арқылы әдеби және шығармашылық мүмкіндіктермен жақын танысып, елорданың мәдени өміріне қанығасыз», делінген хабарламада.