АСТАНА. KAZINFORM — Түркістан қаласында «Түркістан Арена» стадионында Қазақстан лига кубогының алғашқы жеңімпазы анықталды.
Кубок үшін «Астана» және «Жеңіс» командалары сынға түсті.
Биыл Қазақстан чемпионатының күміс жүлдегері атанған астаналықтар фаворит саналғанымен, негізгі уақытта есеп ашылған жоқ. 104-минутта Марин Томасовтың пасынан кейін «Астана» сапындағы Карло Бартолец мергендік танытты. Соңғы сәтте Усман Камара есепті 2:0-ге жеткізді.
Бірінші рет өткізілген лига кубогының жүлде қоры 450 млн теңге болатын. «Астанаға» соның 129 миллионы тисе, «Жеңіске» 89 млн теңге берілмек.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын ұлттық құрама ойыншысы Еркін Тапаловтың «Қайратқа» ауысқанын жазған болатынбыз.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).