«Астана» клубынан кеткенім өкінішті болар еді - Станимир Стойлов

АСТАНА. ҚазАқпарат - 'Астана' ФК бас бапкері Станимир Стойлов ресейлік 'Лококмотив' командасына ауысу туралы қауесетті жоққа шығарды.

"Мұндайды ешқашан айтқан емеспін. Жауап біреу ғана - менің командам бар. Ол - "Астана". Мен тек "Астанаға" бар күш-жігерімді салудамын. Екі жылда біз керемет жетістіктерге жеттік және клубтан кетіп жатсам, өте өкінішті болар еді. Менде жазда клубтан кететін мүмкіндік болды. Бірақ мен көп ойланып, "Астанада" қалуды шештім. Біздің клуб әлі де дамиды. Мен "Астанаға" керек болсам, оңайлықпен кетпеймін", - деді болгариялық маман Астанада өткен баспасөз мәслиxатында.

Айта кетейік, ертең, 18 тамызда Еуропа лигасының плей-офф сынында "Астана" ФК "БАТЭ" командасымен кездесу өткізеді.