«Астана» клубының 6 футболшысы айрықша жетістікке жетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Астана» клубының 6 футболшысы бұған дейін Қазақстан біріншілігінде ешкім қол жеткізбеген, айрықша жетістіктің авторлары атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Sportinform» САА-ға сілтеме жасап.

Голкипер Ненад Эрич, қорғаушылар Марин Аничич, Дмитрий Шомко, Абзал Бейсебеков, Евгений Посниковтар және жартылай қорғаушы Серікжан Мұжықов Қазақстан чемпионатының алтын медалін 5 рет қатарынан иеленді. Олар осы жылдары «Астананың» негізгі құрамында ойнады және клубтың отандық футболдың биігінде қалуына атсалысты.

Айта кетерлігі, бұған дейін осы жетістікке ешкім қол жеткізбеген.