«Астана» клубының футболшылары алғашқы жиынды БАӘ-де өткізеді
01:20, 25 Желтоқсан 2017
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Астана» клубының футболшылары жаңа маусымға дайындықты 10 қаңтарда, Біріккен Араб Әмірліктеріне толық құрамда жиналғанда бастайды, деп хабарлайды СИА «SPORTINFORM».
Әмірліктерде өтетін алғашқы оқу-жаттығу жиынында 30 қаңтарға дейін болады.
Осы уақыт аралығында Қазақстанның 4 дүркін чемпиондары үш жолдастық кездесу өткізеді. Ойындар жиынның соңына таман - 22, 26 және 29 қаңтарға жоспарланған.