«Астана» клубының футболшысы ұлды болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Астана» футбол клубының жартылай қорғаушысы Рохер Каньяс бүгін ұлды болды, деп хабарлады Sports.kz.

Бұл - футболшының екінші баласы. Каньястар отбасының тұңғыш қызы 5 жаста. Жаңа туған нәрестеге спортшы Мартин деген ат қойды. Қазіргі уақытта Рохер Каньяс Колумбиядағы Медельин қаласында отбасымен бірге.