Оның сөзіне қарағанда, елордада жылыжайлардың құрылысы бойынша жеті жоба жүзеге асырылуда, соның екеуі құрылыс кеңінде болса, тағы бесеуі жобалау сатысында.
«Қаланың қазіргі заманғы сауда инфрақұрылымын дамыту жолымен қаланы азық-түлік тауарларымен үздіксіз қамтамасыз ету үшін барша жағдай жасалуда. Өткен жылдың аяғында қала аумағында екі сауда-логистикалық орталығы тапсырылды»,-деді А. Лукин.
Оның айтуынша, Астана нарығы ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер үшін тікелей қол жетімді болуын ұйымдастыру тұрғысында елордада көтерме-бөлшек логистикалық кешені құрылысының жобасы іске асырылуда.