деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Бұл туралы бүгін елордадағы «Абай» қонақүйінде болған жиында Құлагер ескерткішін орнатуды ұйымдастырушы, ҚР-ның еңбек сіңірген қайраткері Сәдібек Түгел айтты.
Мүсін Бішкек қаласында жасалып, қазіргі уақытта елордаға жеткізілген. Ескерткіштің ұзындығы - 8,5, биіктігі - 2 метр, ал салмағы - 6 тонна. Тұлпар сұлбасы таза мыстан құйылған.
«Оның мұражай ашылып, Ақан серінің ескерткіші де орнатылады. Жалпы үлкен бір кешен жасау ойымызда бар. Ал қазір кең далада жүйткіп бара жатқан тұлпарды ұлы даланың, халқымыздың, ұлтымыздың, әлемдік деңгейге көтеріліп келе жатқан Қазақстанның символы ретінде көрсетіп отырмыз», дейді С.Түгел.
1989 жылы Ерейментау қаласы мен Павловка ауылының ортасындағы дөңеске Құлагерге арнап ескерткіш орнатылған болатын. Алайда 1996 жылдың жазында түн жамылған ұрылар осы ескерткішті ұрлап кеткен еді.