Астана - Көкшетау бағытындағы айналма жол уақытша жабылады

АСТАНА. ҚазАқпарат – 9 қазан күні Астана - Көкшетау бағытындағы айналма жолда көлік қозғалысы уақытша тоқтайды. Бұл туралы ҚазАқпарат «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясына сілтеме жасап хабарлайды.

«9 қазан күні сағат 7:00-ден 22:00-ге дейін «Астана-Жайнақ» теміржол өткелінде жөндеу жұмыстары жүргізілетінін хабарлаймыз. Осыған байланысты мамандандырылған ХҚКО қасында орналасқан «Астана-Көкшетау» бағытындағы айналма жолда көлік қозғалысы уақытша тоқтайды.

Жөндеу жұмыстарын бір күн ішінде аяқтау жоспарланып отыр. Елорда тұрғындары мен қонақтары қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет», - делінген компания хабарламасында.



Фото: gov.kz