«Астана» командасы «Дубай Тур» құрамын жариялады

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Астана» әлемдік турының командасы 31 қаңтар мен 4 ақпан аралығында Біріккен Араб Әмірлігінде өтетін «Дубай Тур» UCI Asia Tour күнтізбесінің көпкүндік бәсекесіне қатысады.

«Астананың» құрамында: Жандос Бижігітов, Лауренс Де Вриз, Андрей Гривко, Дмитрий Груздев, Арман Камышев, Трульс Корсет, Риккардо Минали мен Руслан Тілеубаев бар.

Спорттық директор: Александр Шефер мен Сергей Яковлев.