29 қаңтарда «Астана» футболшылары мен жаттықтырушылар құрамы Словакияның «Жилина» командасына қарсы жолдастық кездесуден кейін бірінші жаттығу жиынын аяқтайды. Осыдан кейін команда мүшелері 3 ақпанға дейін қысқа мерзімді демалыс алады.
Екінші оқу-жаттығу жиыны 3 ақпаннан 9 ақпанға дейін жалғасады. Содан кейін елордалықтар 15 ақпанда «Спортингке» қарсы Еуропа Лигасының 1/16 финалының матчын өткізеді.
Екінші жаттығу жиынында да Станимир Стоилов бастаған жаттықтырушылар штабы үш жолдастық кездесу өткізуді жоспарлап отыр. Кездесулер 4, 6 және 8 ақпан күндері өтеді.