«Астана» командасы Испаниядағы веложарысқа қатысады

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Астана» велокомандасы Испанияда тағы бір жарысқа қатысады, деп хабарлайды ҚазАқпарат клубтың сайтына сілтеме жасап.

14-18 ақпан аралығында қазақстандық команда көпкүндік жоғары дәрежедегі «Андалусия Вуэльтасында» бақ сынайды. 

Команда құрамында Сергей Чернецкий, Якоб Фульсанг, Оскар Гатто, Морено Мозер, Бақтияр Қожатаев, Луис Леон Санчес пен Михаэль Вальгрен болады.

Жарысқа қатысты толыққанды ақпарат турнирдің ресми сайтында жарияланады. Айта кетерлігі, шосселік көпкүндік веложарыс Испаниядағы Андалусия автономиялық қауымдастығының Коста-дель-Соль өңіріндегі жолдарда өткізіледі. Жарыс 2005 жылдан бастап UCI Europe Tour күнтізбесіне енгізілген.
Еске сала кетсек, бұған дейін «Астана» командасының велошабандозы Луис Леон Санчес «Вуэльта Мурсия» біркүндік жарысында жеңіске жеткен болатын.