Жастар арасында өткен ойынға 7 ауданнан 100 спортшы қатысты. Астана қаласының спортшылары қорытынды есепте 3 орынға ие болды.
Жарыстың алғашқы күні астаналық құраманың ойыншысы Андрей Магилевский трап жаттығулары бойынша сынға түсіп, қоржынға алтын салды. Сондай-ақ, транш стенд микс жаттығулары бойынша Юлия Журавлева мен компакт-спортинг жаттығуларынан Дмитрий Васянин және Дмитрий Качанов алтыннан алқа тақты.
Қорытынды бойынша, «Астана» командасы 4 алтын, 4 күміс және 4 қола медальді еншіледі.