26 жастағы велошабандоз Аннесиде өткен 40,4 шақырымдық жеке жарыста жеңіске жетті деп хабарлайды ҚазАқпарат Eurosport сайтына сілтеме жасап.
Альберто Контадор ең жақын қарсыласы Вабиан Канчеллериден (Saxo Bank) 3 секунд алда келді.
Альпі Венециясында үшінші орынды «Катюша» командасының өкілі Михаил Игнатьев иеленді.
«Астаналық» Андреас Клёден - тоғызыншы нәтиже көрсетсе, Лэнс Армстронг - сөреге 16-шы болып келді. Бірақ та, Армстронг жалпы жіктелімде үшінші орынға табан тіреді.