АСТАНА. ҚазАқпарат - «Астана» велокомандасының капитаны, италиялық сайыпқыран Винченцо Нибали бүгін 'Джиро д'Италия' көпкүндігінің 19-кезеңін сәтті өткізіп, жеңімпаз атанды.
«Еуроспорт» телеарнасынан көрсеткеніндей, В.Нибали 162 шақырымды 4 сағат 19 минут 56 секундта жүріп өтіп, мәре сызығын жекедара қиды. Испаниялық, Team Sky командасының өкілі Микель Ниеве екінші, колумбиялық Эстебан Чавес (Orica GreenEDGE) үшінші келді.
Айта кетейік, осы табысынан кейін В.Нибали бас кестеде төртінші орыннан екінші сатыға көтеріліп, көш бастаған Э.Чавестен 44 секундқа қалып келеді.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).