«Астана» командасының кипрлық АПОЭЛ-ге қарсы кездесуі Алматыда өтеді
20:28, 07 Тамыз 2015
АСТАНА. ҚазАқпарат - Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңінде «Астана» ФК кипрлық АПОЭЛ-ге қарсы алғашқы матчын Алматыда өткізеді, деп хабарлады елордалық клуб сайты.
«УЕФА Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңінің алғашқы матчы 18 тамызда Алматыда Орталық стадионда өтеді. Ойын Алматы уақыты бойынша сағат 22.00-де басталады. Қарымта матч 26 тамызда Кипрде Никосияда өтеді. Орташа еуропалық уақыт бойынша сағат 20.45-те (Астана уақыты бойынша 00.45) басталады», - делінген хабарламада.