22 жастағы Лопес оң аяғын сындырып алған. Алайда ота жасаудың қажеті жоқ. Дәрігерлердің айтуынша, сүйектің бітуі үшін 16-20 аптадай уақыт қажет. Енді ол жаттығуға тек 4 айдан соң ғана шыға алады.
22:31, 05 Қараша 2016
«Астана» командасының велошабандозы Лопес аяғын сындырып алды
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Астана» командасының колумбиялық велошабандозы Мигель Анхель Лопес Согамосода жаттығу кезінде ауыр жарақат алды, деп хабарлайды Sports.ru.