«Қазақстанда қонақүйлерге тоқтаған шетел азаматтарын тіркеу үшін онлайн-сервис іске қосылды. Жаңа формат көші-қон қызметі өкілдерінің қатысуынсыз бес минут ішінде келген қонақты тіркеуге мүмкіндік береді. Астана Конвеншн Бюро электронды-цифрлық қолтаңбаны жеделдетіп алу қажеттігін түсіндіру бойынша қала қонақүйлерімен жұмысты жалғастыруда», - деді Астана Конвеншн Бюро директоры Санияр Әйтекенов.
Оның ақпаратына сәйкес, тағы 30-ға жуық қонақүй осы мәселені пысықтау үшін Астана қаласының прокуратурасына жолданды.
Астана Конвеншн Бюро - қаланың туристік секторын жоспарлау, дамыту және жылжыту бойынша негізгі ұйым, Астана қаласының инвестициялар және даму басқармасының жанынан құрылды.