Кездесу барысында қос команда жылдам гол соғу мүмкіндігін іздеген еді. Дегенмен олар діттеген мақсатына жеткен жоқ. Бірінші кезеңде қарсыластар бір-бірінің қақпасынан саңылау таба алмады.
Екінші кезеңде қазақстандық команда шабуыл шебінде көбірек бой көрсетті. Нәтижесінде ойынның 69-минутында әріптесі Марион Томасовтың берген пасын Рамазан Каримов голға айналдырды.
Осылайша «Астана» қарсыласынан 1:0 есебімен басым түсті.
Енді қарымта кездесу 16 шілдеде елордада өткізіледі.
Айта кетсек, бұдан бұрын қазақстандық «Елімай» (Семей) Конференция лигасы бірінші іріктеу кезеңінде сырт алаңда Арменияның «Алашкерт» командасымен 1:1 есебімен тең түсті.
Сондай-ақ қостанайлық клуб Конференция лигасын екінші іріктеу кезеңінен бастайды.
Қарсыласы — Литваның «Паневежис» клубы.
Ал бұдан бұрын алматылық «Қайрат» UEFA Чемпиондар лигасы 2026/27 маусымының бірінші іріктеу кезеңіндегі алғашқы матчында Черногорияның «Сутьеска» клубын 2:1 есебімен жеңді.