Бұған дейін хабарланғандай , 19 ақпан күні сағат 16:00-де қар құсауында қалғандар көмек сұрады. Аталған ақпарат тез арада Қорғалжын ауданының әкімі мен орынбасарына хабарланды. Техникалар тұрып қалған жерге «Газ-66 Вахтовка» мен күреуіші бар фронтальдық жүк тиегіш көлігі аттанды.
Қазіргі уақытта қар құрсауынан құтқарылғандар барлығы белгіленген жерлеріне жіберілді.