Астана көшелерін тағы су басты (ФОТО)

АСТАНА. ҚазАқпарат - Нөсер жауын салдарынан Астана көшелерін тағы су басып жатыр. Орынбор, Қонаев көшелері мен Республика даңғылына су жиналып қалды.

«№10 автобустың жолаушылары  смартфондарына Орынбор-Қонаев көшелерінің қиылысында жиналған суды түсіріп алған. Автобус қала көшелерінде «жүзіп жүр», - дейді елорда тұрғыны. 

Синоптиктердің болжамына қарағанда, бүгін республиканың басым бөлігі жауын-шашынды болады. Сондай-ақ бірқатар аймақтарда бұршақ жаууы мүмкін деп болжанған болатын.