Астана көшелерінде ұзын-сонар көлік кептелісі пайда болды

Фото: None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада толассыз жауған қардың салдарынан елордада ұзын-сонар кептелістер пайда болды. Таңертең әдеттегідей уақытта жұмысқа шыққан астаналықтар жарты жолда бөгеліп, бір-екі аялдаманың қашықтығын бір сағаттай уақытта әзер жүріп өтеді, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

"Біз Сауран және Керей-Жәнібек xандар көшелерінің қиылысында тұрамыз. Таңғы сағат 8:05 шықтық. Керуенге дейін бір сағат жүріп келдік. Жай күндері 15-20 минутта өтетін жолда бір сағат тұрдық. Жұмысқа кешіктік. Енді, басшылықтан сөз еститін болдық", - дейді ҚазАқпарт агенттігінің бір оқырманы. Оның айтуынша, жол-жөнекей жол-көлік апаттары көрінбейді. Соған қарамастан, кептелістер көп. Сол себепті қоғамдық көліктер баяу жүріп келеді.

Дегенмен, кейбір жерлерде жол-көлік апаттары болған. Ал бірқатар қиылыстарда бағдаршамдар істемей тұр.

Астананың тағы бір тұрғыны Сарыарқа даңғылының бойында жарты сағаттан бері қозғалыссыз тұрғанын жеткізді.


    

Сауран көшесі

 

Соңғы жаңалықтар