Астана көшелерінде жаңбыр суы көлкіп кетті

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін түске дейін жауған нөсер Астана халқын біршама әбігерге салып, қала ішіндегі көлік қозғалысына кедергі келтірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Нөсердің салдарынан елордадағы бірқатар көшелерді су алып кетті. Тіпті кейбір көшелерде жаяу жүргіншілердің жүріп өтуі қиынға айналған. Қазіргі уақытта қаланың коммуналдық қызметінің арнайы сусорғы көліктері тынымсыз жұмысқа кірісіп, мәселені реттеуде.

Қазгидрометтің болжауынша, бүгін түнде де жаңбыр жауады. Түнде ауа температурасы +14...+16 градус шамасында болады деп күтілуде. Қазгидромет сондай-ақ, 30 маусым мен 1 шілде күні де жаңбырдың жауатынын болжап отыр.