Елорданың ресми сайтының хабарлауынша, бүгінгі таңда І.Есенберлин көшесінде (Ы. Алтынсарин көшесінен Республика даңғылына дейін), Орынбор көшесінде (Хусейн бен Талал көшесінен әуежай тасжолына дейін), Т. Рысқұлов көшесінде (Орынбор көшесінен Қабанбай батыр даңғылына дейін), Тәуелсіздік даңғылында (Ж. Нәжімеденов көшесінен А. Пушкин көшесіне дейін), Нәжімеденов көшесінде (Тәуелсіздік даңғылынан Ш. Қалдаяқов көшесіне дейін) жол үстіндегі белгілер жаңартылды.
Сонымен қатар, А. Байтұрсынов көшесінде (Сарайшық көшесінен Қ. Аманжолов көшесіне дейін), Қабанбай батыр даңғылының батысы мен шығысында, Қ. Мұңайтпасов көшесінде (М. Жұмабаев даңғылынан Тәуелсіздік даңғылына дейін), Б. Момышұлы даңғылында (Тәуелсіздік даңғылынан Сарайшық көшесіне дейін), «Ақ Орда» жолында, М1 көпірінде (Б. Момышұлы даңғылынан Түркістан көшесіне дейін), әуежай тасжолынан Cтелаға дейінгі жол жабынын таңбалау жүзеге асырылды.
Мұнымен қоса, мамыр айының соңына дейін Б. Момышұлы даңғылында (Тәуелсіздік даңғылынан Абылай хан даңғылына дейін), Сарайшық көшесінде (Түркістан көшесінен Тұран даңғылына дейін), Түркістан көшесінде (Сығанақ көшесінен Сарайшық көшесіне дейін) тиісті жұмыстар аяқталмақ.