Астана көшелеріне қар күреуге 1,6 мың арнайы техника шығарылды
АСТАНА. KAZINFORM - Астананың көшелері мен тротуарларын қар мен мұздан тазартуға 1,6 мыңнан аса арнайы техника шықты, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Фото: Астана әкімдігінің баспасөз қызметі
10 ақпан күні таңертең қар тазалау жұмыстарына қаланың коммуналдық қызметінің 2,3 мыңнан астам жол жұмысшысы және 1,6 мыңнан астам арнайы техника жұмылдырылды.
Фото: Астана әкімдігінің баспасөз қызметі
9 ақпаннан 10 ақпанға қараған түні елордадан 48 мың текше метрден астам қар шығарылды, бұл 3,4 мыңнан астам ауыр жүк көлеміне тең.
Фото: Астана әкімдігінің баспасөз қызметі
Қыс басынан бері қаладан қар полигондарына 309 мыңға жуық рейс, яғни 4,2 млн текше метр қар шығарылды.
Журналистика саласындағы еңбек жолын 2010 жылы бастаған. Kazinform ХАА-да 2014 жылдан бері тілші, шығарушы редактор болып еңбек етті. Қазіргі қызметі - шеф-редактор.