Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, мереке күні Қазақстанда екі егіз дүниеге келді, олардың екеуі де Астана қаласында туған.
— Ең көп нәресте — 67 сәби Түркістан облысында дүниеге келді. Алматы қаласында 44 сәби өмір есігін ашса, Шымкент қаласы мен Алматы облысында 40 нәрестеден тіркелді, — делінген хабарламада.
Айта кетейік, жүкті, босанатын әйелдерге және жаңа туған нәрестелерге перзентхана мамандары тәулік бойы қауіпсіз әрі сапалы медициналық көмек көрсетуді қамтамасыз етеді.
Бұдан бұрын Астана күніне орай Ұлттық статистика бюросының баспасөз қызметі еліміздің бас қаласы туралы 20 қызықты деректі ұсынды.