Астана күні қарсаңында Мейрамбек Бесбаевтың шығармашылық кеші өтеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана күнін тойлау шеңберінде қазақстандық белгілі әнші Мейрамбек Бесбаевтың шығармашылық кеші өтеді. Бұл туралы бүгін 3 шілдеде өтетін «Астана Жұлдызы. Ұлттық музыка бәйгесі»-2014» екінші кәсіби музыка конкурсына арналған брифингте Астана қалалық Мәдениет басқармасының басшысы Болат Мажағұлов мәлім етті.

«Астана күнін мерекелеу аясында біз 5 шілде күні Қазақстан концерт залында Мейрамбек Бесбаевтың шығармашылық кешін өткізбекпіз. Онда Мейрамбек 1989 жылғы өзін танытқан "Бозтоғай" әнінен бастап, бүгінгі күнге дейінгі барлық әндерін шырқайды», - деп атап өтті Б.Мажағұлов.