Баспанаға ие болғандар санаттар бойынша мемлекеттік қордан үй алуға кезекте тұрған қала тұрғындары: көпбалалы және толық емес отбасылар, жетім балалар, бюджеттік сала қызметкерлері, жалғыз тұрғын үйі апаттық деп танылған азаматтар болды.
Баспаналы болғандар қатарында «Мерей» балалар үйінің бұрынғы тәрбиеленушісі Анастасия Руснак бар.
Ол сегіз жыл бойы баспана кезегінде тұрған.
«Мен жетім балаларға көрсетіліп жатқан қолдау үшін ризамын. Мен пәтер кілтін астана күні қарсаңында алғаныма қуаныштымын. Менің арманым орындалды. Әрбір отбасында осындай оқиға болғанын қалаймын», – деп бөлісті қуанышымен Анастасия.
Өз кезегінде Сәтбаев қаласының әкімі Асқар Ыдырысов пәтер кілтін алу баспана кезегінде тұрғандар үшін ең жағымды және қуанышты оқиғалардың бірі екенін атап өтті.
Ол жаңа қоныстанушыларға амандық тілеп, оларды келе жатқан мерекеcімен құттықтады.