«2020 жылға дейін өңірлерді дамыту» бағдарламасы аясында алты 80 пәтерлік үй салынды. Қоныс тойын жас отбасылар, жалғыз басты аналар, жетім балалар, көп балалы отбасылар, әскери қызметшілер, бюджеттік ұйым қызметкерлері, мемлекеттік қызметшілер, сондай-ақ Тұрғын үй жинақ банкі салымшылары атап өтеді.
Бүгінде мемлекеттік қордан тұрғын үй алуға 13 990 адам кезекте тұр. Ағымдағы жылы «Арай» шағынауданындағы екі үйдің құрылысын, 2018 жылы - «Қарасу» тұрғын үй алабындағы бір үйдің құрылысын аяқтау жоспарлануда. Сондай-ақ 37 көп қабатты тұрғын үйдің жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленуде.
«Биыл тұрғын үй қолжетімділігін арттыру үшін 15 жыл мерзімге «Нұрлы жер» бағдарламасы қабылданды. Бағдарлама аясында 14-ші шағынауданнан және «Тараз сити» тұрғын үй кешенінен ғимарат жобалары әзірленді», - деді өңір басшысы Кәрім Көкірекбаев.