АСТАНА КҮНІ: Мереке күндері қайда баруға болады?

Фото: None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада Елорда күнін мерекелеуге дайындық қызу жүріп жатыр. Бірқатар шаралар басталып та кетті.

Ел жүрегі - Астана! Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аталып өтетін жылы Елорда күні ерекше мәнге ие. Қала әкімдігі елорданың әр тұрғыны мен қонағына қызықты болатын әр алуан мәдени-спорттық шаралар бағдарламасын әзірледі. Мерекелік шаралар географиясы қаланы тұтастай, соның ішінде қала маңын, гүлбақтар мен парктерді, сондай-ақ, қалалық алаңдарды қамтиды.

Мереке күндері Астанаға арнайы келетін қонақтар саны жыл сайын ұлғайып келеді.
Мерекелік бағдарламаның шымылдығы маусымның 20-нан 26-на дейін өтетін «Сахнадан сәлем» театр фестивалімен ашылды. Өнер сүйер қауым еліміздің өңірлерінен, сондай-ақ, Ресей мен Украинадан келген сахна майталмандарының үздік қойылымдарын тамашалады.
Эстафетаны AstanaArtFest 2016 қазіргі заманғы өнер фестивалі жалғастырды. Шара аясында Сулы-жасыл желекте би мен музыка фестивальдері, кітап пен поэзия мерекелері, суретшілер симпозиумы және т.б. қызықты шаралар ұйымдастырылды.
Биыл Астана тұрғындары мен қонақтары түрлі мемлекеттердің әртістерінің қатысуымен өтетін «Азия жаңғырығы» цирк өнері фестивалін, музыка индустриясының үздіктерінің қатысуымен өтетін «Астана Арқау» түркі музыкасыныңфестивалін көре алады. 
Елорда күні аясында отандық сән индустриясының көрсетілімі мен алғаш рет сән мен стиль саласындағы ELLE журналының сыйлығымен марапаттау салтанаты ұйымдастырылады. Қазақстандықтардың назарына «Арқайым - Күннің қаласы» технологиялық 3D-шоуы ұсынылады. «Астана Әзіл Фест» және «Көңілді Астана» жобалары аясында әзіл-сықақ кештері көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлайды.
Айта кетейік, биыл қазақтың бай мұрасы мен мәдениетін насихаттайтын іс-шараларға баса назар аударылмақ. «Мыңжылдықтар тоғысындағы Астана» фестивалі аясында үлкен этноауыл орын тебеді, бұдан басқа, алғаш рет «Қымызмұрындық» этнографиялық қымыз фестивалі, халық аспаптары оркестрлерінің «Серпер» музыкалық фестивалі өтеді. Жаздың жарқын оқиғаларының бірі «Бағаналы ордам - басты ордам» республикалық ақындар айтысы болмақ. Қазақстандық композитор Сейдолла Бәйтерековті еске алуға арналған кеш пен «МузАрт» тобының шығармашылығының мерейтойына арналған концерт аншлагпен өтеді деп күтілуде.
Салауатты өмір салтын ұстанатындарға арналған спорттық бағдарлама Елорда күніне арналған шаралардың ажырамас бөлігі болып табылады. Көрермендер мен спортшылар халықаралық жауынгерлік өнер фестивалін, дуатлоннан қалалық турнир, ұлттық спорт түрлері - асық ату мен қазақ күресінен - «Қазақстан барысы» турнирін тамашалауға мүмкіндік алды.
Биыл Елорда күнін мерекелеуге Қазақстанда аккредиттелген басқа елдердің елшіліктері де өте белсенді қатысуда. Мысалы, АҚШ елшілігі Астанаға «Broadway Bound» мюзиклін әкелу бастамасын көтерді, ол Бейбітшілік және келісім сарайында және Бәйтеректің жанындағы ашық алаңда көпшілік назарына ұсынылады. Ал Италия елшілігі «Астана Самалы» үрмелі аспаптар оркестрлерінің фестиваліне қатысатын ту көтеріп жүретіндерді әкелді.
Концерт билеттері «Қазақстан» ОКЗ, «Mega Astana» СОО, «Сарыарқа» СОО, «Керуен» СОО, «Конгресс-холл», «Жастар» сарайы, Бейбітшілік және келісім сарайы, ҚазМедиа орталығы, Министрліктер үйі 11-ші кіреберісте орналасқан қалалық кассаларда, сондай-ақ, www.koncertyastany.kz сайтында онлайн режимде сатылады. Концерттердің жазбалары жетекші республикалық телеарналардан көрсетіледі. 

Енді биылғы Астана күні аясында өтетін шараларға нақтырақ тоқталып өтейік.

***

Барша әлемнің үздік бишілері елордада бас қосады
5 және 6 шілдеде елорда әкімдігінің алдындағы Орталық алаңда нағыз би сайысы ұйымдастырылады. Жеті жыл қатарынан Астананың туған күніне орай «International Street Dance Session in Astana 2016» көше билерінен халықаралық фестивальге қатысу үшін ең үздік бишілер елордада бас қосады.
Шараны ұйымдастырушылар - Астана қаласының әкімдігі және «United 4» продюсерлік орталығы - конкурсқа қатысушыларға бас жүлде - 1 миллион теңге бәйге байлады, бұл ретте жарыстың жүлде қоры 2,5 миллион теңгеден асады.
Қатысушылар түрлі стиль мен жанрда өнер көрсетеді - хип-хоп, поппинг, дэнсхол, вакинг, крамп және хаус. Есесіне, оның әрқайсысы бойынша жаңа бастаған бишілер мен кәсіпқойлар үшін жеке номинациялар қарастырылған, бұл фестивальге әр түрлі жастағы және дайындық деңгейі әртүрлі бишілердің қатысуына мүмкіндік береді.
Конкурсқа қатысушылардың командалық және жеке жарыстарында барша әлемге танымал хореографтар төрелік етпек, соның ішінде - француз хип-хоп- және хаус-бишісі Yugson, американдық хореограф Adé Willis, төрткүл дүниеге танымал корей поппинг-орындаушы Dokyun, вакинг стиліндегі ең танымал бишілердің бірі - Тайваньнан келген Chrissy Chou, көптеген дэнсхол жарыстарының жеңімпазы - НОРА, сондай-ақ, Қазақстан мен ТМД мемлекеттерінің ең үздік крамперлерінің бірі - LIL STAGEKILLA.
2010 жылдан бастап «International Street Dance Session» халықаралық фестивалі талантты, жігерлі жастардың басын қосып, түрлі стильдегі бишілерді жинайды, елорданы көше билері әлеміндегі жаңа бағыттармен таныстырады және белсенді өмір сүру салтына шақырады. Осы жылдары «Шаг вперед» танымал фильміне түскен, «Танцы» және «Звезда танцпола» теледуманына қатысқан, сондай-ақ Майкл Джэксон, Бейонсе, Ашер, Джастин Тимберлейк, Джастин Бибер сияқты жұлдыздармен бірге жұмыс істеген биші-хореографтар шара қонақтары болды.

 

  

***

Аспаздық өнер - Қалалық алаңда

Елорда күнін мерекелеуге орай жетекші аспаздар қала әкімдігінің алдындағы алаңда кездеседі. Ең «тәтті» «Аспаздар шеберлігі - сүйікті қалаға» фестивалі шілденің 4-і мен 6-сы аралығында өтеді.
Аспаздық жекпе-жекке елордалық мейрамханалардың үздік кәсіпқой аспазшылары қатысады. Елордалық мейрамханалардың кәсіпқой аспазшылары өздерінің үздік туындыларын көпшіліктің назарына ұсынатын болады. Фестиваль келушілерге ұлттық тағамдардың түр-түрімен танысуға және одан дәм татуға керемет мүмкіндік береді, ал қоғамдық тамақтану кәсіпорындары шара аясында қызмет көрсету деңгейі мен сапасын көтеріп, баршаға өзін-өзі таныстыра алады. Әдеттегідей, аспазшылар фестивалінде Астана қаласының үздік бармені және даяшысының есімдері, сондай-ақ үздік фирмалық тағам анықталады. Айта кетейік, тағамнан дәм тату үшін ол барлық келушілерге ұсынылатын болады.

***

Халықаралық жауынгерлік өнер фестивалі

28 маусымда «Дәулет» ұлттық теннис орталығында өткен халықаралық жауынгерлік өнер фестивалінде үздік жекпе-жек өкілдерінің өнерін паш етіп, өз тұрғындарын тағы да бір қуантты.
Қазақстан, Ресей, Қытай, Италия, Жапония мен Филиппин елдерінің үздік шеберлері 11 дисциплинадан көрнекі ұрыстар көрсетті, соның ішінде джиу-джитсу, киокушинкай-кан каратэ, қоян-қолтық ұрыс, сумо, таэквандо, муай-тай (тайс боксы), вин-чун, қазақ күресі, бразилиялық джиу-джитсу, шаолинь-цюань, пекити-тирсия кали.
Фестиваль Елорда күніне орай екінші рет өткізілді. Аталмыш шара әлемнің түрлі жекпе-жектер бойынша үздік спортшылардың басын қосатын бірегей алаңға айналды. Биыл шараға Вин-Чун Халықаралық федерациясының (IWCO) құрметті президенті - Сифу Дональд Мак, Ultimate Fighting Championship қамқорлығымен өнер көрсететін, аралас стильдегі кәсіпқой спортшы Хабиб Нурмагомедов, кәсіпқой ресейлік тайбоксер және кикбоксёр, тай боксынан және кикбоксингтен кәсіпқойлар мен әуесқойлар арасындағы жарыстардың бірнеше дүркін жеңімпазы, тай боксынан Ресейдің Еңбек сіңірген спорт шебері Артем Левин сынды әйгілі тұлғалар қатысты. Сонымен қатар, актер, кәсіпқой спортшы, жауынгерлік жекпе-жек бойынша әскери нұсқаушы болған Сергей Бадюк, қазақстандық боксшы, 2005 жылғы және 2007 жылғы әлем чемпионы, 2012 жылғы олимпиада чемпионы, «Астана Арланс» кәсіпқой бокс клубының бас директоры Серік Сәпиев, тай боксы мен К-1 кәсіпқой спортшы, әуесқойлар арасындағы әлем чемпионы, кәсіпқойлар арасындағы Таиланд Королі кубогының иегері Дәулет Отарбаев, каратэ мен ММА-ден әлемнің үш дүркін чемпионы, джиу-джитсуден Еуропаның үш дүркін чемпионы Айдар Махметов, сондай-ақ, Қазақстанның джиу-джитсу мен ММА федерациясының президенті Анатолий Ким сияқты кеш қонақтары спорт сүйер қауым үшін тосын сый болды.
Айта кетейік, фестиваль қалалық әкімдіктің қолдауымен өткізілді.
Еске салайық, өткен жылы бірінші жауынгерлік өнер фестиваліне барша әлемнен 150-ге жуық шебер қатысып, шараның басты қонақтары Стивен Сигал, Сергей Бадюк пен Бату Хасиков болған.

 

Жауынгерлік өнер фестивалінде астаналықтар жекпе-жектер ұрыстарын тамашалады

Вин-Чун халықаралық федерациясының құрметті президенті Сифу Дональд Мак Астанаға алғаш рет ат басын тіреді. Қазақстанда аталмыш федерацияның 4 мектебі жұмыс істейді. 
- Вин-Чун Қытайда пайда болған, 200 жуық жыл бұрын оның негізін әйел адам қалаған. Жекпе-жектің бұл түрін Брюс Ли мен оның ұстазы Ип Ман кеңінен таратқан. Қазіргі кезде бұл мектептің әлемнің 16-дан астам мемлекетінде 100 артық филиалы бар. Оқу жүйесі стандартталған, бұл осы спорт түрін кеңінен дәріптеп, барша әлемде дамытуға мүмкіндік береді. Ал Қазақстанға жақында ғана әкелінді. Мен өз тарапымнан оны қарқынды түрде дамыту үшін бар күшімді саламын, - деді Дональд Мак.
Фестиваль қонақтарының бірі аралас стильдегі кәсіпқой спортшы Хабиб Нұрмагомедов. Ол Астананың әрқашан да жылы шыраймен қарсы алатынын атап өтті.
- Мені Қазақстанда көп адам қолдайтынын білемін және сеземін. Сондықтан алдымен Дағыстанда, содан кейін болашақта осында жекпе-жектер мектебін ашуды жоспарлап отырмын, - деді спортшы. 
Спорт сүйер қауым фестивальде кәсіпқой спортшы, әскери жекпе-жектер нұсқаушысы Сергей Бадюктің өнерін тамашалады. Ол келер жылы астаналық парктерде шанти-практика өткізуге уәде берді. 
- Спортқа тартылатын жастар көп, бақытымызға орай, бұл бүгінде сәнге айналды. Бәріне бірдей жекпе-жекпен айналысу қажет емес, ең бастысы деніміз сау әрі мықты болсақ болды. Астанада алаңдармен жасақталған жақсы парктер бар, сондықтан келер жылы шанти-практика өткізуіміз әбден мүмкін, - деді Сергей Бадюк.
Фестивальдің құрметті қонақтарының ішінде тай боксшысы және кикбоксер, тай боксынан Ресейдің еңбек сіңірген спорт шебері Артем Левин де бар. Спорттық мерекеге отандық спортшылар да қатысты. 
28 маусым күні аренада Италия, Қазақстан, Қытай, Ресей, Филиппин және Жапония мемлекеттерінің үздік шеберлері өнер көрсетті.

Тай боксынан әлем чемпиондары елордалық оқушыларға арналған шеберлік дәрістерін өткізді.

29 маусымда екінші Халықаралық жауынгерлік өнер фестивалінің қатысушылары Астана қаласының спорт мектептерінің шәкірттеріне арналған шеберлік дәрістерін өткізді. Тай боксынан кәсіпқойлар арасында әлем және Еуропа чемпионы - Артем Левин және тай боксы мен К-1 кәсіпқой спортшы, тай боксынан әуесқойлар арасындағы әлем чемпионы, сондай-ақ, кәсіпқойлар арасында Тайланд королі кубогының иегері Дәулет Отарбаев тай боксының ерекшеліктері мен артықшылықтарын іс жүзінде көрсетіп, жаңа бастап отырған спортшыларды қызықтырған барлық сұрақтарға жауап берді.
Сонымен қатар, Вин-Чун халықаралық федерациясының құрметті президенті (IWCO) - Сифу Дональд Мак балаларға жауынгерлік техника мен ушу тәсілдерін үйретті.
Маңызды спорттық шарадан қазақстандық спортшылар да тыс қалмады. Еліміздің танымал боксшысы, 2005 жылғы және 2007 жылғы әлем чемпионы, 2012 жылғы олимпиада чемпионы, «Астана Арланс» кәсіпқой бокс клубының бас директоры Серік Сәпиев, тай боксы мен К-1 кәсіпқой спортшы, әуесқойлар арасындағы әлем чемпионы, кәсіпқойлар арасындағы Таиланд Королі кубогының иегері Дәулет Отарбаев, каратэ мен ММА-ден әлемнің үш дүркін чемпионы, джиу-джитсуден Еуропаның үш дүркін чемпионы Айдар Махметов, сондай-ақ, Қазақстанның джиу-джитсу мен ММА федерациясының президенті Анатолий Ким сияқты кеш қонақтары өз шеберліктерін ортаға салды.
Фестиваль Елорда күніне орай екінші рет өткізілді. Аталмыш шара әлемнің түрлі жекпе-жектері бойынша үздік спортшылардың басын қосатын бірегей алаңға айналды.
Бірінші жауынгерлік өнер фестиваліне барша әлемнен 150 жуық шебер қатысып, шара барысында Стивен Сигал, Сергей Бадюк пен Бату Хасиков көпшілікке түрлі жекпе-жектерден айла-тәсілдер көрсетті. Сонымен қатар, елордалық көрермендер алғаш рет шаолинь монахтарының өнерін тамашалады.

UFC жұлдызы Хабиб Нурмагомедов Астанада өткен ІІ жауынгерлік өнер фестиваліне қатысты

Аралас стильдегі кәсіпқой спортшы, миллиондаған адам пір тұтатын тұлға Хабиб Нурмагомедов Астанада ережесіз ұрыстар бойынша жаттығуды өткізді.
Елордада Астананың 18 жылдығына арналған екінші жауынгерлік өнер фестивалі аяқталды. «Дәулет» ұлттық теннис орталығында өтіп жатқан спорттық шараға джиу-джитсу, каратэ, қоян-қолтық ұрыс, самбо және басқа да 7 жекпе-жек түрі бойынша ең үздік шеберлер жиналды. Қазақстан, Ресей, Қытай, Италия, Жапония және Филиппин мемлекеттерінің танымал спортшылары көрермендерге 11 көрнекі ұрыс көрсетті.
Жалпы көрнекі ұрыстар мен қойылымдарға әлемдік мемлекеттерден барша жұртқа танымал 250 спортшы қатысты. Биыл ұйымдастырушылар көрермендер үшін көптеген тосын сый әзірледі. Мысалы, қонақтар нағыз жапон сумосын немесе сирек кездесетін пекити-тирсия кали жауынгерлік қаруын пайдалана білу өнерін, сонымен қатар, былтыр болмаған бірқатар дисциплиналарды тамашалады.
Мұнымен қоса, елорданың барлық спорт федерацияларында шақырылған атақты спортшылар бірнеше күн бойы тегін шеберлік дәрістерін өткізді. Қатысуға ниет білдіргендердің барлығына осы күндері есік айқара ашық болды.
Вин-Чун халықаралық федерациясының (IWCO) құрметті президенті Сифу Дональд Мак астаналықтарға Вин-Чун техникасын үйретті.
- Мен бұл елге алғаш рет келіп отырмын. Маған бәрі де ұнады. Ел ордасы керемет әсер қалдырды. Астана жас және өте әдемі қала екен. Фестиваль аса жоғары деңгейде өтті. Бұл шара аса пайдалы, ол өскелең ұрпаққа үлгі болады, олардың спортпен шұғылдануы және салауатты өмір салтын ұстануына әсер етеді. Қазақстандықтар мейірімді және қонақжай халық, мен осыны байқадым, сондықтан баршаңызға бақыт пен игілік тілеймін, - деді Дональд Мак.
Ал тай боксының артықшылықтары мен мықтылығы туралы аталмыш жауынгерлік өнер түрінен кәсіпқойлар арасындағы Әлем және Еуропа чемпионы Артем Левин баяндады.
Айта кетейік, фестивальге қатысушылар осы бір кең ауқымды шараның жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын бірнеше рет қайталады. Фестиваль елордада жауынгерлік өнерді дамытуға жаңа бағыт пен серпін беретін болады.

***

Елордада қымыз мерекесі өтеді

Елорда күнін мерекелеу аясында «Жерұйық» саябағында ашық аспан аясында нағыз қазақ ауылы орын тебеді. 5 және 6 шілдеде алғаш рет Ұлы дала халқының басты сусыны - қымызға арналған «Қымызмұрындық» халықаралық этнографиялық фестивалі өткізіледі.
Шараның басты мақсаты - келушілерді қымызбен және оның қасиеттерімен таныстырып қана қоймай, түрлі халықтардың мәдениеттерін жақындастыруға, қосылуына, этно-мәдени диалогтың дамуына, салауатты өмір салтын насихаттауға, Қазақстан халқының материалдық және рухани мәдениетін сақтауға және кеңінен таратуға жәрдемдесу, ұмыт болған қазақ ұлттық салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды қайта жаңғырту. Сонымен қатар, фестиваль қымыз жасау мен өндіру, қолданбалы қолөнер бойынша жас дарынды шеберлер, суретшілер мен модельерлер үшін жақсы алаңға айналып, өзін-өзі таныстыруға мүмкіндік береді.
Қалада 1992 жылдан бастап өткізіліп келген бүгінгі этнографиялық мерекенің тақырыбы ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мен «ЭКСПО-2017» көрмесі болмақ. Оны өткізу идеясы еліміздің өзге өңірлерінде де қолдау тапты. Бүгінде бұл шара Алматы, Павлодар, Тараз, Шымкент және т.б. қалаларда ұйымдастырылатын болады.
Ежелден дала халқы жазда бие сауып, қымыз ашытқан. Бұл айтулы шараға ауылдың алты ауызы, туған-туыстар, көрші-қолаң, дос жарандар шақырылған. Жаздағы алғашқы сусыннан дәм татқызу және молшылықтың белгісі ретінде қасиетті сусынды жерге төгу қазақтар үшін тұтастай бір салт-жора. Ұйымдастырушылар фестиваль барысында осы дәстүрді жағыртпақ ниетте. Шараға Қазақстаннан басқа, Қырғызстан, Омбы, Қалмақ, Алтай аймағы, Новосібір, Якутия, Забайкалье аймағы, Бурятиядан келген шеберлер қатысады.
Бірнеше күн бойы көк шалғында ұлттық нақышта безендірілген 10 киіз үй тігіледі. Мол дастархан жайылып, көпшілікке ұлттық тағамдар - құрт, бауырсақ, жент, ірімшік, шұбат пен қымыз ұсынылады. Бұдан басқа, қонақтар самауырыннан құйылған хош иісті шай ішеді. Ал кіре берісте қолданбалы өнер көрмесі көпшіліктің назарына ұсынылады. Сонымен қатар, этноауылда алтыбақандар орнатылып, жігіттер мен қыздар, сауық-сайран құрып, ән айтады. Жақын маңда батырлар мен балуандар күш сынасып, шеберлік байқасады.
Фестивальдің ашылуында қымызды мадақтауға арналған театрландырылған қойылым, қатысушылар шеруі, би мен айтыс өтеді. Шараны ұйымдастыруға Қ. Қуанышбаев атындағы қазақ музыкалық драма театрының әртістері, «Алтын дән» ансамблі (Л. Гаценко) және басқа да елордалық шығармашылық ұжымдар атсалысады.
Қонақтар үшін сахна төрінде Майра Ильясова, Алтынай Жорабаева, Маржан Арапбаева, Бағдат Самитдинова, Индира Расылхан және т.б. сынды танымал эстрада әншілері өнер көрсетеді.
Мұнымен қоса, келушілер шара барысында қымыз туралы білімін тексеріп, қымыз ішуден жарысады, армрестлинг, арқан тарту және т.б. сайыстарда күш сынасады. Жеңімпаздарға естелік сыйлықтар табысталады.
Этноауыл қонақтары қымыз ішу рәсімін және якутиялық қалыңдықты киіндіру жорасын, Забайкалье аймағының өкілі Жалсанова Дариманың аттың қылынан жасаған үлгілер коллекциясының, Еуразиялық дизайнерлер одағының мүшесі, қазақстандық Қайролла Әбішевтің коллекциясының, Шадапова Ханданың «Байкал маржандары» костюмдер коллекциясының көрсетілімін және т.б. тамашалайды. Мереке күндері «Алтын дала дауысы» бүкілресейлік байқауының лауреаты, созылыңқы қалмақ әндерін орындаушы Эврена Оргаева, нағыз алтай хомусында ойнайтын Игнатьев Виктор Викторович Астанаға арнайы ат басын тірейді.
Қымыз жасау мен оны сақтау туралы білгісі келетіндер, сондай-ақ, ұлттық қуыршақтар жасауды, тоқу мен тігуді үйренуге ниетті жандар шеберлік дәрістеріне қатыса алады. Фестивальдің қанық бағдарламасы баршаны мыңжылдықтар бойы сақталып, ұрпақтан-ұрпаққа беріліп келген салт-дәстүрлермен және әдет-ғұрыптармен таныстырады. Сонымен қатар, фестиваль қымыз жасау мен өндіру, қолданбалы қолөнер бойынша жас дарынды шеберлер, суретшілер мен модельерлер үшін жақсы алаңға айналып, өзін-өзі таныстыруға мүмкіндік береді.

***

Астана самалы - оркесторлық музыканың тән еліктірер әуені

Астана күні - жыл бойындағы керемет мерекелердің бірі. Сондықтан бұл күні жас қаланың әсемдігі мен жеткен жетістіктері жайлы талай әндер шырқалады. Осы орайда, биыл «Астана самалы» халықаралық байқауы жетінші рет ұйымдастырылып отыр. Байқау қала көшелерінде ашық аспан аясында өткізіледі. Сондықтан мереке күні қала тұрғындары мен елорда қонақтары аспапты музыканың әсем әуенін тыңдап, сазды күйге бөлене алады. Үрмелі музыка адамның ішкі жан дүниесімен ішкі сезімін бір арнаға тоғыстыратын дүние. Кезінде Марк Коган, «Үрмелі музыка тыңдаушыларға жан тыныштығын сыйлайды» - деген екен. Шын мәнінде, бүгінде, әскери парадтарды, халықтық серуендерді, кез-келген мерекелік іс-шараны үрмелі аспапсыз елестету мүмкін емес.
Биылғы жылы фестиваль бағдарламасы Астана қаласы әкімдігінің Мемлекеттік филармониясы, Қазақстан Республикасының Ұлттық гвардиясы, Шығыс Қазақстан облысының филармониясы, Нижний Тагил және Ресей Орынбор қалалық оркестрі «Тагил - BEND» оркестрлерінің репертуарларынан тұрады. Фестивальдің арнайы қонағы ежелгі өнерді жандандыру мақсатында 1976 жылы құрылған Итальяндық «Storici Sbandieratori delle Contrade di Cori» оркестрлік тобы. Өнер сүйер қауымның ыстық ықыласына бөленген аталмыш топ, енді елорда көрермендерін оркестрлік әсем әуенмен, тамаша костюмдерімен қуантпақ.
Фестивальдің салтанатты ашылу рәсімі шілденің 4-нде сағат 20:00 Елордамыздың орталық алаңында өтеді. 5 шілдеде күндіз сағат 11:00 фестивальдің қатысушылары көрермендерін Астана қаласының әкімдігі маңындағы алаңда өз өнерлерімен тәнті ететін болады. Сол күні кешке ұйымдастырушылар «Бәйтерек» монументі жанында нағыз бэнд-марафон ұйымдастырады. 6 шілде күні сағат 11:00 фестивальдің жарқын, ерекше сиқырлы, қорытынды концерті Республика даңғылынан бастау алып, Әскери тарихи мұражайын кесіп өтіп, «Жастар» сарайының маңына дейін жалғасады. Қорытынды мерекелік парадта барлық топтар өнер көрсетіп, жұртшылыққа тамаша көңіл күй сыйлайтыны хақ. Сондай-ақ, фестиваль қатысушылары «Студент» және «Жерұйық» саябақтарында да өнер көрсетеді.

***

Суретшілер биенналесі

Бүгінгі өмірдің шынайылығын, ондағы мәселелерді, кейде апаттарды, тіпті, жетістіктерді суретшінің туындысынан өзге ашық әрі бейнелі етіп ештеңе жеткізе алмайтын секілді. Бұл елордада алғаш рет суретшілердің халықаралық биеналлесін ұйымдастыруға түрткі болды. Өнер мерекесінің тақырыбы - ҚР тәуелсіздігінің 25 жылдығы және алдағы уақытта өтетін «ЭКСПО-2017» көрмесі. Шараға Қазақстанның, таяу және қиыр шетелдердің бейнелеу өнерінің үздік шеберлері қатысады. Астана Италия, Франция, Швейцария, Германия, Ресей және Ливаннан келетін қонақтарын қарсы алады.
Қала әкімдігі мен елордалық «Суретшілер одағының» бастамасымен өткізілетін кең ауқымды шара 2 шілдеде Тәуелсіздік сарайында қатысушылардың еңбектерінің көрмесімен өз шымылдығын ашады.
Өнерді планетамызды жаһандық жылынудан құтқарудың пәрменді тетігі ретінде кеңінен тарату - елордада әрбір екі жыл сайын өткізіліп отыратын биеналленің ұрандарының бірі болмақ.
Қылқалам шеберлерінің картиналары мерекенің көркін келтіріп қана қоймай, сондай-ақ, баламалы энергия көздеріне көшу, әлемде туындаған экологиялық қауіп-қатермен күрес, жаңа жасыл технологияларды жасау мен қолдану идеясын насихаттайды.
Аталған шараның ерекшеліктерінің бірі - онда «Болашақ энергиясы» тақырыбымен үндес еңбектері үшін беделді марапаттарға қол жеткізген әйгілі суретшілер бас қосады. Елорда тұрғындары мен қонақтары бірнеше күн бойы суретшілердің шеберлік сыныптарына да қатысу мүмкіндігіне ие болады. Қонақтардың бірі АҚШ-та өзара бәсекелес - PSA және ASOPA сынды екі беделді көркемсурет байқауында ең жоғары марапаттарға ие болған әлемдегі жалғыз суретші Николай Блохин. Соңғы байқаудың бейресми атауы - «Форбс сыйлығы».
Қылқалам шеберлері өз суреттерінде жас елордамыздың әсем көріністерін бейнелейтін болады.
6 шілдеде Тәуелсіздік сарайында шараның салтанатты жабылу рәсімінде өнер сүйер қауым барлық еңбектерді тамашалап, өз бағасын бере алады.

***

Биле, Астана!

Елордада «Биле, Астана» бірінші хореографиялық фестивалінде барлық жастағы үздік бишілер алғаш рет бір сахнада шеберлік байқасады. Мың бұралған бишілер жарысы Елорда күні мен Қазақстанның Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орайластырылған.
Шараны ұйымдастырушылар - Астана қаласының әкімдігі мен «Наз» мемлекеттік би театры.
Фестиваль шілденің 3-і мен 6-сы аралығында «Парус» сахнасында өтеді. Онда балалар өнер мектептерінің, музыка мектептерінің, демалыс орталықтарының, мәдениет үйлерінің, балалар мен жасөспірімдер сарайларының базасында дайындалатын жеке орындаушылар, ансамбльдер, ұжымдар, орта арнайы, жоғары музыкалық және көркемдік оқу орындарының шәкірттері, студиялардың, секциялардың шығармашылық ұжымдары немесе жеке орындаушылары және хореографиялық жанрдағы жалпы білім беретін мектептерінің өкілдері бағын сынай алады. Бұл ретте бишілердің жасы 5-тен 21-ге дейін болады. Олардың шеберлігін танымал хореографтар, әртістер, музыканттар, орындаушылар, режиссерлер, шығармашылық ЖОО-лардың оқытушыларынан құрылған әділ қазылар алқасы бағалайтын болады.
Әрбір номинацияда және жас санаты бойынша қазылар алқасымен 3 лауреат пен 3 дипломант анықталады. Үздік шығармашылық ұжым пен жеке орындаушы фестиваль Бас жүлдесі кубок пен ақшалай сыйлыққа ие болады. Барлық қатысушыларға арнайы дипломдар табысталады.

***

IV «Сахнадан сәлем» театр фестивалінің қорытындысы шығарылды

Бір аптаның ішінде елорда тұрғындары мен қонақтарының назарына Қазақстан, Ресей және Украина театрлары ұжымдарының үздік қойылымдары ұсынылды.
Астаналық сахна төрінде Астана, Алматы, Жезқазған, Орал, Өскемен, Шымкент, Семей, сондай-ақ, Мәскеу мен Киевтен келген труппалар өнер көрсетті.
Қалыптасқан дәстүр бойынша эксперттік қазылар алқасының құрамына фестивальдің құрметті қонақтары- театр әлеміндегі танымал тұлғалар және аталмыш өнер майталмандары енді. Атап айтқанда, драматург, театр сыншысы Еркін Жуасбек, ҚР халық әртісі, Гүлжахан Әспетова, Қазақстанның халық әртісі Талғат Теменов, сондай-ақ шетелдік қонақтар Мәдениет қайраткерлерінің астаналық цехі кеңесінің мүшесі Игорь Краснопольский және театртанушы Мария Юрьева.
- Сұхбаттардың бірінде Марк Захаровтан «Өз актерларыңыз жайлы не ойлайсыз?» деп сұраған екен. Ол болса: «Білесіз бе, актерлар, олар...», бірер паузадан кейін «оларды негізі адам деуге бола ма?» деген екен. Кішкентайыңнан секірмекпен секіріп ойнап, 80-90 жасқа дейін жұмыс істеу және ағаш қылышты рас деп санау - бұл тек өз кәсібіне адал адамның ғана қолынан келер іс. Актердің болмысы сол. Астананы шынымен де театрлық қылу үшін осындай фестивальдарды мүмкіндігінше жиі өткізу керек. Сонда көптеген театрлар келіп, өз кәсіптерінің қыр-сырымен бөліседі. Театр шексіз. Осындай мереке ұйымдастырғаны үшін әкімдікке алғыс айтамын,- деді белгілі режиссер, елордалық М. Горький атындағы орыс драма театрының актері Сергей Матвеев фестивальдің жабылуына орай өткен баспасөз мәслихаты барысында.
Мәскеулік «Театр Луны» фестивальге алғаш рет қатысты. Театрдың көркемдік жетекшісі, еңбек сіңірген өнер қайраткері Игорь Краснопольскийдің айтуынша, Азияның, соның ішінде қазақстандық театрлардың әлеуеті зор.
- Астанада театр фестивалі өткізілетіні жақсы. Онда түрлі мәселелер мен бөлісіп, идеялармен бөлісуге болады. Осындай фестивальдарды жандандырып, жиірек өткізу керек. Азияның әлеуеті зор: Қазақстан, Түркменстан, Үндістан, Қытай - бұл керемет халықтар. Қазақстанға алғаш рет келіп отырмыз. Қала да, театр да тамаша, жастар да жақсы. Тілдеріңізге ғашық болдым, өйткені ол Станиславскийдің жүйесімен бұзылмаған екен, актерларыңыз өнерлі, шынайы. Бізге тәжірибе алмасу қажет, біз осындай уағдаластыққа қол жеткіздік, - деп мәскеулік мейман шарадан алған әсерлерімен бөлісті.

Астанадағы театр апталығының шымылдығы 20 маусымда елордалық «Жастар» театрының әртістерінің орындауындағы «Моцарт» мюзиклімен ашылды. Келесі күні Қ. Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры режиссер Б. Ұзақовтың «Бір кем дүние» драмасын ұсынды.
Фестивальдің үшінші күні театр сүйер қауым Батыс Қазақстан облыстық қазақ дарама театрының(Орал қ.) «Жалт еткен бір сәуле»,сондай-ақ, Өскеменнен келген қонақтардың Шығыс Қазақстан облыстық драма театрының «Үйлену» қойылымдарын тамашалады.
23 маусымда көрермендер елордалық М. Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театрының жаңа «Пробуждение» треш-драмасын және Ж. Шанин атындағы облыстық қазақ драма театры шымкенттік әртістердің орындауындағы «Бас» драмасын тамашалады.
Бұдан басқа, келесі күні С. Қожамқұлов атындағы Жезқазған қазақ музыкалық-драма театры тарихи драмаларды ұнататындарға «Құлан қыпшақ - Кейкі батыр» қойылымын ұсынады. Ал фантастикаға әуес жандар елордаға «Зверь» фантастикалық хикаясын ала келген Ф. Достоевский атындағы орыс драма театрының (Семей қ.) қойылымын тамашалады.
Ғ. Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдерге арналған Алматы қазақ мемлекеттік академиялық театрының қонақтары астаналықтардың назарына «Қара шекпен» мысалын ұсынды.
Сонымен қатар, фестивальге Ресей мен Украина әртістері де қатысады. 25 маусымда «PaperWall» Киев театрыкөрермендергережиссер М. Назаренконың «Он Она Жизнь» визуалды-пластикалық спектаклін көрсетті. Театр апталығы «Театр Луны» мәскеулік театр әртістерінің орындауындағы «Антракт» драмасымен аяқталды.
Фестивальдің тұсауы 2013 жылы кесілген. Бұл уақиға Астананың 15 жылдық тойы аясында өтті.
Жыл сайын «Сахнадан сәлем!» халықаралық фестивалінің ауқымы кеңейе түсіп, оған қатысатын қалалар мен мемлекеттердің саны артып, Қазақстанның театр әлеміндегі айтулы оқиғаға айналды. 2013 жылдан бері фестивальге Қазақстанның барлық өңірлерінің, сондай-ақ, таяу және қиыр шетелдердің: Ресей, Литва, Түркия, Дагестан, Грузия театрлары қатысты. Биыл бағдарламада 11 театр өнер көрсетті.
Фестивальдің құрметті қонақтары әрі қазылар алқасы құрамында танымал драматург, театр сыншысы Еркін Жуасбек бастаған өнер қайраткерлері болды. Атап айтсақ, Қазақстанның Халық әртісі, еңбек ардагері, «Құрмет» орденінің иегері, профессор Гүлжахан Әспетова, Қазақстанның Халық әртісі, Шәкен Айманов атындағы ха¬лық¬аралық сыйлықтың иегері, профессор Талғат Теменов, сондай-ақ шетелдік қонақтар - театр және кино актері, режиссер, Ресей театр менеджерлері гильдиясының мүшесі, «Мәдениет қайраткерлерінің астаналық цехі» Кеңесінің мүшесі Игорь Краснопольский, театртанушы, «Балтық үйі» жобасының үйлестірушісі, ТМД және Балтия елдерінің «Ресейдегі кездесу» Халықаралық театрлар фестивалінің жетекшісі Мария Юрьева келді.
Фестивальдің тұсауы 2013 жылы кесілген. Бұл уақиға Астананың 15 жылдық тойы аясында өтті. Алғашқы фестиваль кезінде шаһар тұрғындары мен қонақтары сол шақтағы ең танымал қойылымдарды тамашалады. Халықаралық және республикалық байқауларда жүлде алған спектакльдер көрермендер тарапынан өте жоғары бағаланды. Елорда театрларының сахнасында Астана, Алматы, Қарағанды, Қостанай, Ақтау, Шымкент, Тараз, Петропавл, Семей және Орал өңірлерінің театр жұлдыздары өнер көрсетті. Бұл апталыққа арнайы қонақ ретінде Еуропаның ең беделді театрларының бірі - Литваның атақты Орыс драмалық театры шақырылды. Вильнюс қаласынан келген құрметті қонақтар Павел Санаевтың «Похороните меня за плинтусом» атты әйгілі кітабының желісі бойынша жазылған Марюс Мацявичюстің «Сволочная любовь» пьесасын сахналады. Мемлекеттегі мықты театрлардың тұңғыш шеруі жаңа есімдер мен таланттардың танылуына жол ашты. Солардың бірі Қалибек Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық-драма театры сомдаған «Таңғажайып планета» қойылымының премьерасы болды. Фантасмагория жанрындағы спектакльдің езуге күлкі үйіретін әрі ойландыратын эпизодтары көп-тін. Қойылымда Астана жайлы бір ауыз сөздің жоқтығына қарамастан, көрермен оның бұрын-соңды болмаған жаңа планета туралы екенін тез түсінді. Бұл - тәуелсіздіктің арқасында Қазақстанның қақ төрінде бой көтерген елорданың символы іспеттес еді.
«Сахнадан сәлем» фестивалінің алғашқы маусымы өз кезегінде беташар шара ретінде қабылданса, 2014 жылғы театр апталығы әлдеқайда салмақты әрі ауқымды деңгейде өтті. Астана сахнасында спектакль қойып, кәсіби шеберліктерін паш ету мүмкіндігіне тек жоғары дәрежедегі театрлар ие болды. Өйткені, додаға қатысушылар қатаң талаппен іріктелді. Арнайы комиссия әуелі қойылымдардың бейнежазбаларын мұқият көріп, сол арқылы фестивальге лайықты театрларды таңдады. Нәтижесінде Қазақстанның 14 облысынан 9 театр сұрыпталды.
Осылайша 400-дей әртіс көрермендер назарына трагедия, драма, комедия секілді түрлі жанрдағы спектакльдерді ұсынды. Фестивальдің Астана күніне орай ұйымдастырылуы осылайша дәстүрге айналып шыға келді.
Елорда тойына сыйлық ретінде Түркияның Мемлекеттік театры сахналаған «Мераки» спектаклі жұртшылық ықыласына бөленді. Қойылым атауы қазақ тіліне «Беймазалық» деп аударылады. Бұдан бөлек, фестивальге Қазақстан мен Ресейдің әйгілі театр сыншылары келді.
Жыл сайын «Сахнадан сәлем» Халықаралық фестивалінің ауқымы кеңейе түсті. 2015 жылы шараға 12 театр қатысып, дүбірлі додаларда жеңімпаз атанған қойылымдарын дайындап әкелді. Үшінші рет ұйымдастырылған фестивальдің ашылу салтанатында сөз сөйлеген Астана қаласының Мәдениет басқармасы басшысы Болат Мажағұлов: «Қазақстанның театр әлемін енді «Сахнадан сәлем» фестивалінсіз елестетуге болмайды. Бұл шара елдің өнер саласындағы айрықша уақиғаға айналды» деп атап өтті.
ІІІ Халықаралық фестиваль белгілі «Сирано де Бержерак» комедиясымен шымылдығын түрді. Оны айтулы ресейлік актер Сергей Безруков жетекшілік ететін Мәскеу губерниялық театры сахналады. Спектакльдің ерекшелігі сол, қойылымдағы әрекеттер тифлотүсіндірме арқылы сүйемелденді. «Осындай қызмет түрі бар, яғни, зағип және көзі нашар көретін адамдарға ыңғайлы жағдай қарастыратын театр әзірге Ресейде біреу-ақ. Сондықтан біздің театрға барша қауым, оның ішінде, мүмкіндігі шектеулі жандар да көптеп тартылса дейміз. Өкінішке қарай, мұндай санаттағы кісілерге арналған қолайлы орта қоғамда аз» деген болатын Сергей Безруков.

***

«Астана-Дуатлон-2016» жарысына қатысушылар 25 км бағындырды

Спорттық жарысқа Қазақстан премьер-министрі Кәрім Мәсімов, Президент Әкімшілігінің басшысы Әділбек Жақсыбеков, Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы, сондай-ақ, Олимпиада чемпионы Александр Винокуров қатысты.
- Меніңше қала күні қарсаңында бұл барша астаналықтар үшін үлкен мереке. Бәріңізді осы мерекемен құттықтаймын, - деді Кәрім Мәсімов.
Әділбек Жақсыбеков Мемлекет басшысының елімізде спорт пен мәдениетті дамыту бойынша тапсырмасына сәйкес спорттық шаралар өткзіліп жатқанын атап өтіп, қатысушыларға спорттық дәстүрлерге қолдау көрсеткені үшін алғыс айтты.
- Барлық астаналықтарды осы оқиғамен құттықтаймын, ең бастысы - денсаулық, спортпен шұғылданыңыздар!- деді Әділбек Жақсыбеков.
Жарыс «Бәйтерек» монументінің алдындағы алаңнан басталып, сонда аяқталды. Биыл жарысқа қатысушылар республикамыздың тәуелсіздігінің мерейтойлық датасына орай 25 км бағындырды. Турнир үш кезеңмен өтті: 5 км жүгіру, 15 км велосипедпен жүру және 5 км қашықтыққа жүгіру.
Қатысушылар бес топ бойынша марапатталды. Дуатлоннан жарыста ерлер арасында 29 жасар Евгений Непомнящний және әйелдер арасында 16 жасар Жанерке Асан абсолютті чемпион атанды. Олар сәйкесінше, 56,10 минут және 1 сағат 13,21 минутта мәреге жетті. Аталған қатысушылар 16-30 жас аралығындағы жеңімпаздар. Яков Козлов (1 сағ 1 минут) және Елена Пономарева (1 сағ 22 минут) 31-40 жас санатында жүгіруде топ жарды. 41-50 жас санатында Игорь Карачев (59,43 минут) және Татьяна Михалева (1 сағ 24 минут) көш бастады. 50 жастан асқандар арасында қалада өткізілетін барлық спорттық-бұқаралық шараларға тұрақты түрде қатысып жүрген Болат Жәмішев үздік болды, ол қашықтықты 1 сағ 9 минутта бағындырды.
Жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен және елордалық спорттық мекемелерге абонементтермен марапатталды.
Салтанатты марапаттау рәсімінен кейін дуатлонға қатысушылар мен қонақтар үшін «Бәйтерек» монументінің алдындағы алаңда концерттік бағдарлама, сондай-ақ, лотерея ұтысы ұйымдастырылды. 

***

Футбол фестивалі Астанада

Елордамыздың 18 жылдығына орай спорт сүйер қауым мен төрткүл дүниеге кеңінен танымал спорт түрінің жанкүйерлері үшін үлкен тарту жасамақ. 1 шілде күні Қ. Мұңайтпасов атындағы Орталық стадионда футбол фестивалі ашылады.
Астана қаласының Футбол федерациясы мен елорда әкімдігінің ұйымдастыруымен өтетін футбол марафоны 3 шілдеге дейін жалғасады.
Бұл күндері Қазақстандағы оқушылар арасындағы ең ауқымды турнир - Астана мектеп лигасының ақтық жарыстары өтеді. Жарыста қыздар құрамасы да өз оқу орындарының намысын қорғайтын болады.
Сонымен қатар, мемлекеттік қызметшілерден құрылған 30 команда да күнделікті жұмысқа киетін пиджактары мен галстуктарын тастап, спорттық формамен доп қуатын болады.
Футбол мерекесіне атап өтуге Астана мен Ақмола облысының балалар үйлерінің 8 командасы да атсалысады. Аталмыш қайырымдылық турнир «Best for kids» қоғамдық қорымен бірлесіп ұйымдастырылады.
Шара барысында көрермендер мен жанкүйерлер де назардан тыс қалмайды. Олар үшін арнайы конкурстар, шеберлік сыныптары, өткізіліп, сыйлықтар мен жүлделер табысталады, ал мерекенің ең жас қатысушылары аниматорлармен көңілін көтереді, батуттарда секіріп, ойнайды.

***

«Нұржол» желегінде Astana Art Fest фестивалі өтеді

Өткен жылы шараға сансыз көп қонақтар мен қатысушылар жиналды. Биыл да ұйымдастырушылар қала тұрғындары мен қонақтарына қызықты инсталляциялар мен шеберлік дәрістерін ұсынбақ.
Биылғы фестивальдің негізгі тақырыбы - «Human energy - Адам энергиясы». Мереке қонақтары ашық аспан астындағы айырықша инсталляцияларды, жанды қойылымдарды, сәулетшілердің көрмелерін, суретшілер медиаларын, музыкалық және би думандарын және т.б. тамашалайды. Биылғы фестивальге негізінен Қазақстанның өкілдері қатысады, сонымен қатар, шара барысында таяу шетелдерден келген қонақтар да өз өнерлерін ортаға салады.
Фестиваль алаңы төрт тақырыптық секторға бөлінеді: қазіргі заманғы өнер, сәулет, дизайн және театр. Сонымен қатар, мұнда Astana Art Forum пікірталас-білім беру алаңы жұмыс істейді, оның аясында қатысушылар кез келген адамның талғамына сай дәрістер оқып, шеберлік-сыныптарын өткізеді.
Шара барысында көпшілік назарына жаңа бастаған суретшілердің еңбектері ұсынылады. Кейбір мүсіндер жаз бойы елорда тұрғындары мен қонақтарын қуантпақ. 
Фестивальге қатысушылардың Нұржол желегіндегі көптеген еңбектері - мүсіндер, балалар алаңдары елорда тұрғындары мен қонақтарына жаз бойы қуаныш сыйлайтын болады.
Фестиваль алаңы төрт тақырыптық секторға бөлінеді: қазіргі заманғы өнер, сәулет, дизайн және театр. Сонымен қатар, мұнда Astana Art Forum пікірталас-білім беру алаңы жұмыс істейді, оның аясында қатысушылар кез келген адамның талғамына сай дәрістер оқып, шеберлік-сыныптарын өткізеді.
Ең жас қонақтар үшін фестивальге қатысушы сәулетшілер арнайы балалар алаңдарын дайындады.
Мұнымен қоса, Астана мен Алматының жас суретшілері үшін биыл алғаш рет «Сандық өнер» оқу курсы ұйымдастырылды. Жаңа бастаған шеберлердің не үйренгенін Astana Art Fest алаңынан көруге болады.
Естеріңізге сала кетейік, өткен жылы фестивальге 44 қазақстандық және 10 шетелдік шығармашылық кәсіп өкілдері қатысқан болатын.


***

«Музарт» тобы елорданың туған күніне мерекелік концерт тарту етеді

Елорда күніне орай халық тағатсыз күтетін шаралардың бірі, барша қазақстандықтардың сүйікті «Музарт» тобының концерті болмақ. Кеңінен танымал трио өз табынушыларын әдемі әндерімен 15 жылдан бері қуантып келеді, алдағы концерт те аталмыш мерейтойлық датаға орайластырылмақ.
Әртістердің айтуынша, Астанада үлкен концерт өткізу - олардың көптен бергі арманы, елорда тұрғындары мен қонақтары да бұл оқиғаны тағатсыз күтуде. 8 шілдеде «Музарт» тобы «Қазақстан» ОКЗ екі рет концерт береді. Сәкен Майғазиев, Мейрамбек Беспаев және Кенжебек Жанәбілов өздерінің үздік әндерін дирижерлар Александр Беляковпен, Александр Абылаевпен, композитор әрі продюсер Ринат Ғайсинмен, «Астана» эстрадалық-симфониялық оркестрімен орындайды.



***

Астанада композитор С. Бәйтерековтің шығармашылығына арналған концерт өтеді

Қазақстандық композитор Сейдолла Бәйтерековтің шығармашылығына арналған концертте эстрада жұлдыздары өнер көрсетеді. Елорда күніне орайластырылған мерекелік шара 4 шілдеде елордалық Конгресс-холл сахнасында өтеді.
Қалыптасқан дәстүр бойынша Елорда күніне орайластырылған мерекелік шаралардың бірі аты аңызға айналған қазақ композиторларының бірін еске алуға, оның шығармашылығына арналады. Биыл өткізілетін «Жан досым» концертінде астаналықтар мен қала қонақтары отандық эстрада жұлдыздарының орындауындағы танымал қазақ композиторы, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген өнер қайраткері Сейдолла Бәйтерековтің әндерін тыңдайды.
Роза Рымбаева, Сүндет Байғожин, Бағдат Сәмединова, Жеңіс Ысқақова, Бақыт Шадаева, Әли Оқапов, Әйгерім Қалаубаева, Серік Ибрагимов, «Жетіген» және «Видмен» топтары, сондай-ақ, «Лүпіл» дуэті бүгінде халық әндеріне айналған композитордың шығармаларын орындайды.
Әншілер композициялардысахна төрінде эстрадалық-симфониялық оркестрдің, хордың, балалар ансамблінің және қалалық би ұжымдарының сүйемелдеуімен орындайды.
Ән-жыр кеші сағат 18.00 басталады. Билеттер қала кассаларында, сондай-ақ www.koncertyastany.kz сайтында сатылады.

Қалыптасқан дәстүр бойынша Елорда күніне орайластырылған мерекелік шаралардың бірі аты аңызға айналған қазақ композиторларының бірін еске алуға, оның шығармашылығына арналады. Биыл өткізілетін «Жан досым» концертінде астаналықтар мен қала қонақтары отандық эстрада жұлдыздарының орындауындағы танымал қазақ композиторы, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген өнер қайраткері Сейдолла Бәйтерековтің әндерін тыңдайды.
Ән-жыр кеші 4 шілдеде Конгресс-Холлда сағат 18.00 өтеді.
Роза Рымбаева, Сүндет Байғожин, Бағдат Сәмединова, Жеңіс Ысқақова, Бақыт Шадаева, Әли Оқапов, Әйгерім Қалаубаева, Серік Ибрагимов, «Жетіген» және «Видмен» топтары, сондай-ақ, «Лүпіл» дуэті бүгінде халық әндеріне айналған композитордың шығармаларын орындайды.
Әншілер сахна төрінде эстрадалық-симфониялық оркестрдің, хордың, балалар ансамблінің және қалалық би ұжымдарының сүйемелдеуімен өнер көрсетеді.

***

 

Қазіргі заманғы музыка фестивалі

3, 4 және 5 шілде күндері «Астана-Арена» спорт кешені алдындағы алаңда жыл сайынғы Заманауи музыканың Фестивалі екінші рет болып өтеді.Былтырғыдай шара барысында Қазақстан мен шет мемлекеттердің түрлі музыкалық бағыттар бойынша үздік орындаушылары бір сахна төрінде өнер көрсететін болады. 

3 шілдеде марафон Hip-Hop фестивалінен тұсауын кеседі. 
Хип-хоп үлгісіндегі еріктірер әуені бар әндерді «AlemStar» (Астана), Аль-Хайям (Алматы), ADAMANT'ы (Астана), «Da Gudda Jazz» (Алматы), ST (Москва), BuRiTo (Москва), Макс Корж (Минск) топтары сыйға тартады.
Толығырақ Astanaday.kz сайтынан оқи аласыздар.
4 шілдеде Rock Fest 2016 фестивалі басталады.
Қонақтарға рок әуенінің отты энергиясын «Novakain» (Астана), группа «Komancheros» (Алматы), «К7» (Астана), «Город 312» (Бишкек), «Братья Грим» (Самара), «Чиж и Ко» (Санкт-Петербург) топтары таратады.
Заманауи музыканың жұлдызды қорытындысы 5 шілдеде DJ Fest 2016 болмақ. Осы күні Астананы туған күнімен әлемге аты әйгілі DJ David Vendetta (Париж, Франция) құттықтайды. Сонымен қатар, DJ RUIN (Астана) DJ Fara (Астана), DJ M.E.G. (Москва), DJ Pasha Lee (Москва) сынды диджейлер де сахна төрінде өнер көрсетеді деп күтілуде.

Қазіргі заманғы музыканың естен кетпес үш күндік марафоны мен жанды дауыспен орындалған әндер елорданың туған күніне арналған тағы да бір тарту болмақ.
Барлық концерттер кешкі сағат 20.00 басталады.

***

«Қазақстан Барысы»: үлкен финал

3 шілдеде еліміздің ең мықты палуандары жеңімпаз белдігі және алтын «Тайтұяқ» үшін белдеседі. Елорда күніне орай «Сарыарқа» Республикалық велотрегінде Ұлт Көшбасшысы - Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың жүлдесі үшін қазақ күресінен VI Республикалық «Қазақстан Барысы» турнирінің финалы өтеді.
Ақтық сында еліміздің барлық 14 облысынан және Алматы мен Астана қалаларынан 34 балуан үздіктерін анықтайды.
Билет сатып алған көрермендердің арасында дәстүр бойынша супер жүлде - автокөлік ойнатылады.
Жылдың ең әсерлі турниріне билеттер қазірден сатылуда. Бағасы - 1000, 2000 және 5000 теңге. Билеттерді «Керуен», «Мега», «Сарыарқа», «Хан шатыр» сауда-ойын сауық орталықтарында, «Жастар» Сарайының және Конгресс-Холл кассаларынан сатып алуға болады.
Алдағы шара туралы толық ақпаратты жобаның www.KazakhstanBarysy.kz ресми сайтынан таба аласыздар.

***

Әзіл кеші


«Астана қаласының көңілді тапқырлар театры» МҚКК ұжымы мен «Әзіл Әлемі» елорданы 18 жылдығымен құттықтайды және «Көңілді Астана» мерекелік концертін ұсынады.
Кеш қонақтары сүйікті қазақстандық эстрада әртістері өнерін тамашалайды. «Базар жоқ алаңы» және «Көңілашар» жобаларының жеңімпаздары көтеріңкі көңіл күй сыйлайды. Сонымен қатар көрермендермен интерактивті ойындар да өткізіледі.
Концерт 5 шілдеде Конгресс-Холл сахнасында өтеді.

***

Ақындар мүшәйрасы мәресіне жетті


Жыл сайын еліміздің барлық аймақтарынан ақындар елордаға жиналып, сөз шеберлігінен сайысқа түсті. Астана күніне орай дәстүрлі мүшәйра осымен алтыншы рет өткізілді және биылғы шара Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналып, «Азаттық аясында» ұранымен ұйымдастырылды.
Ақындар сайысында жүзге жуық дарынды қатысушы бақ сынады. Олардың жұмыстарын Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Қажығали Мұхамбетқалиев бастаған белгілі әдебиет қайраткерлері, шығармашыл зиялы қауым өкілдері кірген қазылар алқасы бағалады. Төрешілер тобының шешімімен Әділбек Ыбырайымұлының «Астанамен сырласу» туындысы байқау жеңімпазы атанды. Ал «Нұрлы көш» туындысымен Дүкен Мәсімханұлы мен «Бердіқожа Баһадүр» еңбегімен Дәулеткерей Кәпұлы екінші орынды өзара бөлісті. Қола үш бірдей ақынға - «Астана» туындысының авторы Бауыржан Бабажанұлына, «Таңғы тілек» жазған Нұролла Сағатбаевқа және «Мәңгілік ел-мәңгілік мұрат» туындысымен Әсет Аманжоловқа бұйырды. Бұдан басқа, Нұрлан Қалқа («Туған ел»), Олжас Қасым («Ғасыр қасіреті»), Ербол Алшынбай («Бостандық»), Медет Божан («Азаттық пен Елбасы»), Арман Шеризат («Бұл қазақ») қазылар алқасының ынталандыру сыйлықтарына ие болды.
Байқаудың ұйымдастырушысы - Сәкен Сейфуллин мұражайы да арнайы сыйлық тағайындаған. Мүшәйра қорытындысы бойынша бұл сыйлық «Қазақ жері» туындысының авторы Есенгелді Сүйіновқа табыс етілді.
Байқау жеңімпаздарын және қатысушыларын марапаттау рәсімі 1 шілдеде «Жастар» Сарайында өтеді.

***

Астана күні үйлену тойы

Елорданың 18 жылдығы жүздеген жас жұптың есінде ұзақ сақталатын болады. 5 шілдеде «Атамекен» қорған кешенінде олардың некелері салтанатты жағдайда тіркеледі.
Неке тіркеуі Астана күнін мерекелеумен сәйкес келген жас жұбайлардың салтанатты неке қию рәсімі сағат 12-де басталады. Қуаныш иелерін көптеген сыйлықтар күтіп тұр. Танымал тұлғалардың құттықтауы, ұтыс ойындар, фото және бейне түсірілім, дәмді тағамдар, сыйлықтар және кәдесыйлар.
Сонымен қатар, жас жұбайлар Астананың естелік кітабына тілек жазып, елорда тарихында өз іздерін қалдырады.
Шараның ұйымдастырушысы - қалалық кәсіпкерлік және өнеркәсіп Басқармасы.

***

Астананың тарихы фотосуреттерде

Сулы-жасыл желекті бульварда өтетін «Аstana Art Fest» қазіргі заман өнері фестивалі шеңберінде елорда өміріндегі басты оқиғалар туралы сыр шертетін «Тәуелсіздік жыры - Астана» тақырыбымен фотокөрме өз жұмысын бастайды.
Қаланың 18 жылдығына және ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған көрменің ашылуы 4 шілде күні сағат 12-де өтеді.
Экспозицияға ұсынылатын елордалық кәсіби фотосуретшілердің жұмыстарынан қаланың көпжылдық тарихы, оның қарқынды дамуы, елеулі саяси және мәдени оқиғалар, бірегей сәулетімен көз тартатын жаңа ғимараттардың құрылысы көрініс табады.
Туристер, елорда тұрғындары мен қонақтары фотосуреттер арқылы Астананың қызу өмірі және таңқалдырарлық қарқынын көре алады.
Көрме 6 шілдеге дейін жалғасады. Онда К.Шахов, И.Бургандинов, В.Федюнин, Н.Имамов, Ш. Борманқұлова, В.Лещенко сияқты фотошеберлердің туындылары қойылады. Көрмені Астана қ. Әкімдігінің Ескерткіштер мен тарихи-мәдени мұра нысандарын сақтауды қамтамасыз ету дирекциясы ұйымдастырған.

***

Астанада асық атудан «Алтын сақа» жыл сайынғы турнирі өтеді

Бүгінгі күні ұлттық спорт түрлерімен айналысатын қазақстандықтардың қатары артып келеді. Биыл осымен 8-ші рет өткізілетін, Астана күніне арналған асық атудан «Алтын сақа» халықаралық турнирі - соның бір дәлелі.
Турнирдің басты мақсаты - ұлттық ойынды қайта жаңғырту, дамыту және халық арасында кеңінен тарату. Бұған қоса, бұл - түрлі елдерден келген командаларға бір-бірімен танысып, өзара тәжірибе алмасуға керемет мүмкіндік. Биыл «Алтын сақа» турнирі шілденің 3-де өтеді. Жарысқа қазақстандықтардан басқа, Монғолия, Қырғызстан, Тәжікстан, Әзербайжан, Түркия, Қытай, Ресей командалары да шақырылып отыр. Еске салсақ, ережеге сәйкес, асық ату сайысына жасы 16-ға жеткен кез-келген адам қатысып, күшін сынап көре алады.
Жарыс көрермендері де құр бос отырмайды. Оларға және сайысқа қатысушыларға арнап ойын туралы арнайы оқу құралдары әзірленген.
Турнир «Асық ату» Республикалық федерациясы, елордалық Дене шынықтыру және спорт Басқармасы, Астана қаласы Әкімдігінің «Спорттық-бұқаралық шараларды өткізу Дирекциясы» МКҚК ұйымдастыруымен өтеді.

***

Қыдырәлі Болмановтың мерейтойлық концерті

Елорда күніне арналған салтанаттар мен шаралардың ішіндегі айтулы оқиғалардың бірі аты аңызға айналған қазақстандық "АБК" тобының 20 жылдық мерейтойына және "Ұлытау" тобының 15 жылдығына арналған үлкен концерті болмақ. Концертке белгілі қазақстандық орындаушылар Қыдырәлі Болманов, Қарақат Әбілдина және «Ұлытау» этно-рок тобы қатысады.
6 шілде күні «Алау» мұз айдын сарайында көрермендер назарына ерекше думан ұсынылады. Шараға қатысушылар ұмытылмас хит әндер мен жаңа композицияларын орындайды.
Сонымен қатар, сахна төрінде қазақстандықтардың сүйікті әншілері Төреғали Төреәлі, «МузАрт» тобы өнер көрсетеді, кеш жүргізушісі танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатов. Бұдан басқа, Қарақат мектеп-студиясының жетіген ансамблінің әуені қонақтардың құлақ құрышын қандырады.
6 шілде күні "Алау" Мұз айдынында аты аңызға айналған қазақстандық "АБК" тобының 20 жылдық мерейтойына және "Ұлытау" тобының 15 жылдығына арналған

***

«Шаттық» жас дарындар фестивалі

Елорда күніне арналған жыл сайынғы «Шаттық» халықаралық жас дарындар фестивалі 4 шілдеде кішкентай жұлдыздарға өз есігін айқара ашады. Шараға қатысушылар бес күн бойы Орталық саябақта вокал, хореография, аспапта ойнау, сондай-ақ, бірегей жанрлар мен сән театры номинацияларында шеберлік байқасады.
«Шаттық» жас дарындар фестивалі осымен жетінші рет өткізілмек. Оған Қазақстанның барлық өңірлерінен дарынды балалар, сондай-ақ таяу және қиыр шетелдерден: Армения, Беларусь, Болгария, Германия, Грузия, Италия, Қытай, Қырғызстан, Латвия, Литва, Молдова, Саха Республикасы, Ресей, Түркия, Өзбекстан елдерінен және т.б. қатысады.
Фестиваль ережелеріне сәйкес, әділ қазылар алқасы байқауға қатысушының өнерін кем дегенде үш жанр бойынша бағалайды. Айта кетейік, жас әртістердің шеберлігіне өнер әлемінің әйгілі қайраткерлері - композиторлар, әншілер, хореографтар және т.б. өз бағасын береді. Қазылар алқасының төрайымы - КСРО халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Бибигүл Төлегенова.
Балалардың шат күлкісіне толы аталмыш мерекенің мақсаты балаларды өз бетінше шығармашылықпен айналысуға тарту, халық шығармашылығын дамыту, жаңа таланттарды анықтау, оларға жәрдемдесу, балаларға арнап жазатын композиторлар мен ақындардың шығармашылығын қолдау, жаңа әдістемелік және практикалық ақпаратпен алмасу, балалар шығармашылығының орындаушылық деңгейін арттыру болып табылады. Фестиваль мәдениеттердің өзара араласу процесіне ықпал ететін өзіндік көпір іспетті. «Шаттық» Қазақстанның әлемдік қоғамдастыққа ықпалдастығы процесінде және әлемдік аренада еліміздің оң имиджін қалыптастыруда маңызды роль атқарады. Шараны өткізудің нәтижесінде жас әншілерді, бишілерді беделді шетелдік фестивальдер мен конкурстарға апаруды ұйымдастыру, қазақ мәдениетін шетелдерде кеңінен насихаттау мүмкіндігі туып отыр.
«Шаттық» халықаралық жас дарындар фестивалі осы жылдары еліміздің мәдени өміріндегі ерекше оқиғаға айналды, оған қатысу беделіңді көтереді. «Шаттық» байқауының лауреаты атағы оның иегеріне шығармашылық өмірге жолдама беріп, Қазақстанның жас таланттарына лайықты шығармашылық бастаманы қамтамасыз етеді.

***

Халықтық караоке

2016 жылдың 5-6 шілдесінде, «Жастар» Сарайының жазғы алаңында осы жылдың бірегей оқиғасы - Астана қаласы Әкімінің Кубогына «Поют все» караоке бойынша чемпионатының финалы өткізіледі. Бүгінде музыкалық жоба 16 жастан жоғары 150 дарынды орындаушылардың өтінімдерін қабылдады. Қатысам деушілердің барлығы, жоғары білімінің бар-жоғына қарамастан 2016 жылдың 15 мамырындағы кастингтің іріктеуінен өтуге мүмкіндік алды.
Кастингтан өткен дарынды орындаушыларды вокал бойынша тәжірибелі ұстаздармен өтетін тренингтер, жұлдыздардың шеберлік-сыныптары және басқа да көптеген қызықтар күтуде. Алайда жеңімпаз болып, бас жүлдені иемдену үшін вокалисттерге тағы екі кезеңнен өту керек. Сол екі кезеңнің ұпайлары қосылып, ең көп ұпай жинаған қатысушы ақтық сынға өтеді.
Чемпионаттың ережесіне сәйкес қатысушылар үш топқа бөлінетін болады: 16 жастан 30 жасқа дейінгі музыкалық білімі барлар, 16 жастан 30 жасқа дейінгі музыкалық білімі жоқтар, 31 жастан жоғары музыкалық білімі барлар мен жоқтар.
Сонымен, бірінші және екінші іріктеу кезеңдері 2016 жылдың 12 мен 26 маусым күндері өткізіледі, ал ең басты оқиға болып есептелетін финал - 2016 жылдың 5-6 шілдесінде, қала күнін мерекелеу барысында өткізіледі. Үш топтың да жеңімпаздары «Караоке чемпионы-2016» атағы мен ақшалай сыйлыққа ие болады. Ал Астана қаласы Әкімінің Кубогын ең көп ұпай жинаған чемпион қанжығасына байлайды.
«Поют все!» караоке бойынша чемпионат қатысуға ниет білдіргендерді еш бір шектеусіз қабылдайтын Қазақстандағы жалғыз жоба болып табылады. Дарынды вокалисттер - әуесқойлар мен кәсіпқойлар, жанды дауыста, тең жағдайда бас жүлде - Астана қаласы Әкімінің Кубогына жарысқа түседі.
«Поют все!» караоке бойынша чемпионат Астана қаласында алғаш рет 2015 жылы өткізілген болатын. Екі жүзге жуық өтінім қабылданды. Чемпионаттың қорытындысы бойынша Денис Ни (31 жастан жоғары қатысушылар тобының чемпионы және Астана қаласы Әкімінің Кубогының иегері), Нурлан Тукенов (16 мен 30 жас аралығындағы музыкалық білімі жоқ қатысушылар тобының чемпионы) және Милана Серикова (16 мен 30 жас аралығындағы музыкалық білімі бар қатысушылар тобының жеңімпазы) үздік атанды. Бұл іс-шара «халықтық» атау иеленді. Қонақтар мен чемпионатқа қатысушылардың, сондай-ақ көрермендердің айтуы бойынша, «халықтан шыққан әртістердің» ойынша олар көңілді әндермен баршаны қуантты. Көрермендер қатысушылармен бірге ыңылдап үйлерінде айтып жүретін, караоке клубтары немесе жұмыс уақытында орындайтын сүйікті композицияларын қосылып бірге шырқады.

РФ халық әртісі, жоба авторы мен танымал ұжымның жетекшісі Михаил Турецкийдің айтуынша, әртістер көптеген жылдан бері Қазақстанмен тығыз байланысты. Соңғы 15 жылда аталмыш ұжым еліміздің көптеген айтулы шараларына атсалысқан. Халық караокесінің идеясы да бірлік пен бауырластықты сезінуге негізделеді.
Айта кетейік, биыл Турецкий хоры халық караокесін еліміздің төрт қаласында өткізіп үлгерді: Алматы, Қарағанды, Өскемен және Шымкентте. Әртістер Ресейде ерекше жетістікке қол жеткізген соң жаңа жобаны Қазақстанда да таныстырмақ.
Астанадағы ән мерекесінің репертуарлық бағдарламасында бірнеше ерекшелік болады. Турецкий хорының ұжымы қазақ тіліндегі әндерді, сондай-ақ танымал музыкант Батырхан Шүкеновтың репертуарынан композициялар орындайды.
Халық акциясына ниет білдіргендердің барлығы қатыса алады, басталуы сағат 21.00-де.

***

«Еңсесі биік Елорда» мерекелік шарасы

 «Атамекен» Қазақстан картасы» этно-мемориалдық кешені Елорда күніне орай қала тұрғындары мен қонақтары үшін «Еңсесі биік Елорда» мерекелік шарасын дайындау үстінде. Шілденің 1-і күні таңғы сағат 11-де кешенде еліміздің Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай түрлі ойын-сауықтар, жарыстар мен сыйлықтар ұтысы өткізіледі. Барлық іс-шаралар өскелең ұрпақтың бойында патриоттық сезімді тәрбиелеуге, егеменді Қазақстанның берік құндылықтарын сақтауға бағытталады.
Шара соңында қонақтар мерекелік концерттік бағдарлама, флэш-моб тамашалайды және кешен бойынша өткізілетін экскурсияға қатысады. Мерекелік шара байқаулар мен жарыстарға қатысқан белсенділерді марапаттау салтанатымен аяқталады.

***

«Аялаған Астана» IV республикалық поп-орындаушылардың телевизиялық балалар байқауы

«Аялаған Астана» балалар байқауы Астана қаласы әкімдігі мен танымал ресейлік «АРС» компаниясымен ұйымдастырылған. Конкурсқа «Нұр Отан» партиясы мен «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы қолдау көрсетуде. Байқаудың басты мақсаты республика бойынша жас дарынды әншілерді тауып, олардың өнерін барша халыққа таныстыру. Іріктеу кезеңінің қортындысы бойынша 12 финалист іріктеліп, жазғы демалыс уақытында Астанаға келіп, елорданы тамашалау мүмкіндігіне ие болады, әрі ән айту, актерлік шеберлік, хореография және нағыз кәсіби оркестрмен ән салу шеберліктеріне үйренеді. Ал байқаудың ақтық мәресі «Қазақстан» Ұлттық арнасының эфирінде көрсетіледі. Биылғы байқау Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 25-жылдық мерейтойына арналады. 
«Аялаған Астана» байқауының жеңімпазы Қазақстан намысын Халықаралық «Детская Новая волна» - 2016 байқауында қорғайтын болады. Өткен үш жылда бұл сайысқа «Аялаған Астана» байқауының жеңімпаздары көкшетаулық Болат Батырбаев, астаналық Мұхаммедәлі Жүгінісов және алматылық Данэлия Төлешова қатысқан болатын. 2013 жылы Болат Батырбаев байқаудың ең стильді әншісі аталса, 2014 жылы Мұхаммедәлі Қазақстанға алғашқы лауреаттық атақ алып келді, ол конкурстың 3-ші жүлдесін иемденді. Ал Данэлия Төлешова - Көрермендер көзайымы арнайы сыйлығына ие болды. Биылғы «Аялаған Астана» байқауының қортындысы қалай болатынын уақыт көрсетер. 

***

Цирк өнері: сиқырлық пен шынайылық шегінде


«Азия жаңғырығы» IX Халықаралық цирк өнері фестивалі биыл шілденің 2-сі мен 7-сі аралығында өтеді. Ең қызық әрі жұмбақ өнер апталығы барша әлемге Қазақстанның бірегей, мәдени-тарихи және заманауи, шығармашылық ордасы - Астана туралы жария етпек.
Әр адам өз орнын тауып, шығармашылыққа араласа алатындай біріккен әралуандылық, мәнерлілік - алдағы оқиғаның жалпы тұжырымдамасы осындай.
Биылғы фестиваль мемлекетіміздің Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналады және үздік дәстүрлер мен бағыттарды сақтауға және кеңінен таратуға, әлемдік цирк өнерінің басты жетістіктерін дәріптеуге бағытталады.
Осы жылдар ішінде «Азия жаңғырығы» фестивалі цирк әлемінде өзіндік брендке айналды және көркемдік, ұйымдастырушылық және техникалық жағынан жоғары деңгейде өткізілетін маңызды шара болып табылады.
Мұнымен қоса, фестиваль аясында барша әлемге түрлі жанрлар бойынша жаңа жас, дарынды әртістердің: сайқымазақтар мен акробаттардың, жонглерлер мен эквилибристтердің, гимнасттардың, сиқыршылар мен аңдарды үйретушілердің есімдері белгілі болады.
Үстіміздегі жылы цирк өнері марафонына әлемнің 8 мемлекетінен келген әртістер қатысады. Белоруссия, Голландия, Қазақстан, Қырғызстан, Монғолия, Ресей, Түркменстан және Эфиопия елдерінің дүниежүзілік фестивальдердің жүлдегерлері мен лауреаттары, өз жанрларындағы хас шеберлер, цирк өнеріндегі әулеттердің ұрпақтары өздерінің виртуоздық көрсетілімдерін қонақтар назарына ұсынатын болады. Әртістердің көбі елордалық цирк күмбезінің астында алғаш рет өнер көрсететін болады.

***

«Серпер» - халық аспаптар оркестрлерінің музыкалық фестивалі

2016 жылдың 4-6 шілде аралығында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында Астана күніне орай VI «Серпер» халық аспаптар оркестрлерінің музыкалық фестивалі өтеді. «Серпер» халық аспаптар фестивалі ерекше орын алып, дәстүрлі мерекелік көңіл-күй сыйлайды.
Ежелден бері қазақ ұлты дарындылығымен дараланған ел. Сондықтан халық әндері, күйлері мен шығармаларының үлкен тарихы әрбір қазақстандыққа қолжетімді болуы қажет. Қазақстанның түкпір-түкпірінен ғана емес, сонымен қатар Ресейден келетін ұжымдардың фестивалін Астана қаласы әкімдігі Мемлекеттік академиялық филармониясының қазақ оркестрі бастайды. Оркестрдің бас дирижеры және көркемдік жетекшісі - ҚР еңбек сіңірген қайраткері, профессор Айтқали Жайымов.
Фестивальдің ашылуы 4 шілде күні сағат 17:00 қалалық алаңда өтеді. 5 шілде күні «Студенттер» және «Арай» саябақтарында фестиваль қонақтары концерттік бағдарлама ұйымдастырады. Тұрмағамбет атындағы халық аспаптар оркестрі, Қызылорда қаласы, К.Күмісбеков атындағы Ақмола облыстық филармониясының қазақ халық аспаптар оркестрі, Көкшетау қаласы, Абыл Тарақұлы атындағы қазақ халық аспаптар оркестрі, Ақтау қаласы және Байжігіт атындағы халық аспаптар оркестрі, Өскемен қаласының дарындары өз өнерін паш етеді. Сондай-ақ Башқұртстан Республикасының ұлттық халық аспаптар оркестрі (РФ) және Омск қаласының «Лад» орыс камералық оркестрі (РФ) өнер көрсетеді. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған VI «Серпер» халық аспаптар оркестрлері музыкалық фестивалінің гала-концерті 6 шілде күні қалалық алаңда өтеді. 7 оркестрден құралған 300-ге жуық музыкант алып бір оркестр ретінде, «Серперден» «Сарыарқаға» дейін ең үздік күйлерді орындайтын болады.

***

Поэзия әлемінің мерекесі.

Ұлы Абай ескерткіші алаңында жыл сайын өтетін «Кітап және поэзия мерекесі» қала күні қарсаңында тойланатын атаулы мерекелердің біріне айналды. Осы жылы бұл мереке «Ұлы дала, ұлы мұрат, ұрпақ болашағы, егеменді, тұрақты, біртұтас, тәуелсіз - Қазақстан!» - деп аталады. Оқырмандардың көзайымына айналған бұл іс-шара, бүгінгі жас ұрпақтың қызығушылығын тудырып, кітапқа деген сүйіспеншілігін арттырды.
Мерекелік іс-шара барысында көрермендер «Абайдың рухы» атты қойылымды тамашалап, «Алты алаштың арысы - Әлихан Бөкейхан» оқулығымен танысып, «Жырлайды жүрек» әдеби - музыкалық композициясын тыңдай алады. Сондай-ақ, «Әдебиет әлемінің мақтаныштары» әдеби-поэтикалық көрмесімен «Время читать» жарнамалық науқанына, сан алуан кітап дүкендері ұсынған жәрмеңкеге қатыса алады.
Кітап және поэзия мерекесі шілденің 4-жұлдызында Абай ескерткіші алаңында сағат 11: 00 өтеді.

 

***

Ежелгі көшпелілер ауылы

«Астана мыңжылдықтар тоғысында» көшпелілер өркениеті жыл сайынғы фестивалінде елорда тұрғындары мен қонақтары Ұлы дала көшпелілерінің өмірін өз көзімен көріп, олардың мәдениетімен, тұрмысымен таныса алады. Сондай-ақ құрметті меймандар түрлі ойын-сауық шараларын тамашалап, өз қолдарымен киіз үй тігеді және өзге де шараларға қатыса алады. Әдеттегідей, 3-6 шілде аралығында «Хан Шатыр» сауда, ойын-сауық орталығы жанындағы алаңда нағыз көшпелілер ауылы орын тебеді.
Мереке күндері этноауыл таңғы сағат 11-ден кешкі сағат 22:30 дейін ашық болады.
Жыл сайын фестивальге 300-ден астам қонақ келеді. Аталмыш бірегей көпжанрлық жоба қазақ халқының этикалық, эстетикалық және рухани құндылықтарының қалыптасуына елеулі ықпал еткен еуразиялық көшпелілердің өмір сүру салты мен ерекшеліктерін көрсетеді. Мерекенің музыкалық безендірілуіне ерекше тоқтала кеткеніміз жөн. Дәстүрлі музыка концерттері ата-бабаларымыздың өшпес музыкалық мұрасының құпиясын ашады. Фестиваль бағдарламасында танымал ақындардың айтысы өтеді.
Этноауылдың ойын-сауық бағдарламасы мен инсталляциясына дала жігіттері мен хан ордасы батырларының өмірі туралы сыр шертетін «Ат жалында» ат-спорттық шоу кіреді.
Көшпелілер ауылында ересектерге де, балаларға да ермек табылатынына сенімдіміз. Мысалы, «Менің кішкентай киіз үйім» шеберлік дәрісінде барлық салт-дәстүрді сақтап өз қолыңызбен нағыз киіз үй құрастыратын боласыз. Ал балалар бір кездері арғы аталары ермек еткен киіз ойыншықтармен арнайы алаңда ойнайды.
Сонымен қатар, фестивальдің тағы да бір алаңында ежелгі қолданбалы өнер шеберлерінің дәстүрлі жәрмеңкесі өткізіледі, онда бірегей өнімдерді - әшекейлерді, тұрмыстық заттарды жасау барысын тамашалап қана қоймай, сондай-ақ, оны естелікке сатып алуға да болады.
Тосын сыйлар мұнымен шектелмейді, қонақтар үшін көшпелілер музейі есігін айқара ашады, көшпелілер циркі өнер көрсетіп, «Алтын сақа» спорттық жарысы ұйымдастырылады.

***

«Әзіл-FEST - 2016» шарасы көтеріңкі көңіл күй сыйлайды

Елордаға әзіл толқыны соғады. Астана күнін мерекелеуге орай 2 шілдеде «Әзіл-FEST - 2016» жыл сайынғы әзілкештер фестивалі қала тұрғындары мен қонақтарына жақсы көңіл күй сыйлайды.
Бұл күні еліміздің және таяу шетелдік әзілкештер Конгресс-Холл сахнасында шеберліктерін сынға салады. Шараға қатысатын қонақтар - «Дагестан» Махачкала қ., «Борцы» Сургут қ. командалары, КВН Жоғары лигасының финалистері - елордалық «Спарта» командасы, «Орыстар шоу» жобасы Алматы қ. Сахна төрінде сондай-ақ, «Патруль», «Вузеры» танымал телесериалдарының, «Қызық тimes» шоуының кейіпкерлері де өз өнерлерін паш етеді.
Шараның форматы бойынша әрбір қатысушы 15-20 минут бойы өнер көрсетеді.
Кеш жүргізушілері «АстанаKZ» КВН команды мен «Лица Столицы» ТВ-шоу актерлары қонақтармен қызықты әзілдерімен бөліседі.
Әзіл мерекесі елордада Астана әкімдігінің қолдауымен өтеді.

***

«Астана-Арқау» түркі музыкасының фестивалі - тарих тереңінен жеткен саз

Астанада Қала күніне орай көпшілік жылда асыға күтетін мәдени шара «Астана-Арқау» түркі музыкасының фестивалі өтеді. Шілденің 4-6 аралығында осынау бірегей алаң түркі мәдениетін жоғары бағалайтын жандар мен саф өнерді кеңінен насихаттайтын ең үздік орындаушылардың басын қосады.
Жоба бауырлас халықтардың бай музыкалық мұрасын насихаттауға, көне әуендерді орындаудың үздік дәстүрлерін паш етуге бағытталған. 9 жылда фестивальге 500-ден аса танымал музыканттар мен зерттеушілер қатысқан. Атап өтерлігі, түркі әлемінің дамуына елеулі үлес қосқаны үшін «Астана-Арқау» жобасы «Қызыл алма» беделді халықаралық марапатымен марапатталған.
Өткен жылдардағыдай фестиваль қонақтары түркі халықтарының өте сирек экзотикалық ұлттық аспаптарының ғажайып сазын тыңдауға мүмкіндік алады. Биылғы жылы бағдарламада Астанада өз мәдениетін алғаш рет таныстыратын бірнеше түркі халықтарының өкілдері өнер көрсетеді деп жоспарланған.
Сонымен қатар, фестивальге қатысушылар қазіргі заманғы Қазақстанның жаңаша тарихымен танысуға мүмкіндік алады. Музыкалық шараның басты тақырыбы ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы болмақ.
Фестивальдің алғашқы екі күні шілденің 4-5 аралығында «Астана Опера» театрының Камералық залында өтеді. Концерттік бағдарлама сағат 19:00 басталады. Фестивальдің салтанатты жабылуы және барлық қатысушылардың өнер көрсетуі 6 шілдеде сағат 18:00-де «Хан Шатыр» сауда, ойын-сауық орталығының маңында құрылатын «Астана мыңжылдықтар тоғысында» жобасының алаңында өтеді.

***

Жаңа өмір тынысы, жаңа мүмкіндіктер мен жаңа лига!

Көңілділер мен тапқырлар арасындағы «Көңілді тапқырлар алаңы» Қазақстан чемпионаты биыл осындай ұранмен өтеді. 7 шілде күні Бейбітшілік және келісім сарайында еліміздің үздік КТК командалары шеберліктерін сынға салады.
Қала әкімдігінің қолдауымен еліміздің түкпір-түкпірінен келген жастар «Астана қаласының көңілді тапқырлар театры» МҚКК бас қосады.
Жаңа жобаның авторы әрі жетекшісі ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Тұрсынбек Қабатов. Айта кетейік, Т. Қабатов әділ қазылар алқасының құрамына да кірді. Сонымен қатар, Айгүл Иманбаева, Мейрамбек Беспаев және Бүркіт те көңілділер мен тапқырлардың шеберлігін бағалайтын болады.
Елордалық көңілділер мен тапқырлар театрының актері, танымал сықақшы Қанат Әлжапбаров пен театрдың редакторы, сценарист Баянды Сахария бағдарламаны жүргізіп, кештің сәнін келтіретін болады. Кеш қонақтарын өткір қалжың мен әдемі әзіл, қатысушылардың тапқырлығы мен айрықша ойыны күтіп тұр.
Белгіленген ережеге сәйкес, ойындар түрлі жанрларда өткізіледі. Бұл ретте әрбір бағдарлама бойынша үздік үштікке алтын, күміс және қола кубоктар табысталады. 10 бағдарламаның қорытындысы бойынша ең көп ұпай (кубок) жинаған 4 команда ақтық сынға жолдама алып, 4 жанрда бәсекеге түсетін болады.

***

Әлемдік турне аясында Олимпиада чемпионы Евгений Плющенко Астанада өнер көрсетеді

Астанада Андерсеннің «Қар патшайымы» ертегісінің желісі бойынша «Снежный король-2. Возвращение» (Қар патшасы-2. Оралу) мұз шоуы көрсетіледі. Шоу аясында «Қазақстан» спорт сарайының мұз айдынында әлемнің үздік мәнерлеп сырғанаушылары өнер көрсетеді, атап айтқанда, Евгений Плющенко, Ирина Слуцкая, Бриан Жубер, Томаш Вернер, Фиона Залдуа мен Дмитрий Суханов, сондай-ақ, Сергей Якименко мен Ирина Усенко, Екатерина және Александр Честны.
Аталмыш жұлдызды топ көпшілік назарына ұсынатын ертегіде Герда (Ирина Слуцкая) Қар патшасы (Евгений Плющенко) мен жауыз тролльдермен арпалысады. Көрермендер мәнерлеп сырғанау элементтері, цирк қойылымдарымен иллюзиялар шоуы енген ғажайып бағдарламаны тамашалайды. Сонымен қатар, шара барысында қонақтар әуе гимнасттары орындаған күрделі трюктерді көре алады.
Евгений Плющенко Астанада 4-6 шілде аралығында өнер көрсетеді. Мұз айдынындағы ғажайып думан ересектер үшін де, балалар үшін де қызықты болатыны хақ.
Айта кетейік, әлемдік шоудың премьерасы Мәскеуде өтті. Аты аңызға айналған мәнерлеп сырғанаушылардың қатысуымен өтетін қойылымды Санкт-Петербург пен Сочи тұрғындары мен қонақтары да тамашалап үлгерді. Алдағы уақытта Евгений Плющенко бастаған команда АҚШ, Финляндия, Франция, Швеция, Оңтүстік Корея және Жапония мемлекеттеріне сапар шекпек.

***

ELLE STYLE AWARDS fashion-сыйлығы

Астанада тұңғыш рет Елорда күніне орай сән әлеміндегі ең танымал басылымдардың бірі Elle журналының фэшн-индустриясы саласындағы алғашқы жыл сайынғы «Elle Style Awards Kazakhstan» сыйлығы табысталады.
Сән индустриясын дамытуға қосқан үлесі үшін марапаттау салтанаты 3 шілдеде Бейбітшілік және келісім сарайында өтеді, сондай-ақ, шараға үздік кутюрьелер мен сән әлемінің өкілдері, спорт, телевидение, кино мен музыка саласындағы жұлдыздар, және т.б. еліміздің танымал тұлғалары қатысады.
Сыйлық дизайнер/тұрақты жетістік, жаңа есім/сән, жаңа есім/мәдениет, модель, фотограф, кино актрисасы/актері номинацияларында табысталады. Үздік тележұлдыздар, әншілер, ерлер мен әйелдер тобы, отбасылық жұп, жыл жобасы және start-up мүсіншелерге ие болады.
Телекөрермендер марапаттау салтанатын «Хабар» телеарнасының эфирінен тамашалай алады.

 ***

«Бағаналы ордам - басты ордам» айтысы

Елордада 5 шілдеде дәстүрлі республикалық ақындар айтысы өтеді. Биыл ол «Бағаналы ордам - басты ордам» тақырыбына арналмақ. Суырып-салма ақындар жарысы бірден екі атаулы датаға - ҚР тәуелсіздігінің 25 жылдығы мен Елорда күніне орайластырылып отыр.
Шара барысында үздік қазақстандық және шетелдік айтыскерлер сөз жарыстырады. Сахна төрінде жаңа бастап отырған, сондай-ақ, осы күнге дейін көрерменнің көзайымына айналған Еркебұлан Қайназаров, Сара Тоқтамысова, Айбек Қалиев, Жансая Мусина сынды әртістер өз өнерлерін ортаға салады.
Биыл олар Қазақстанның басты құндылықтары, байлығы мен жетістіктерін, сондай-ақ, Ару қала Астананы айтыс сөздеріне желі етеді. Ақындар жалпы адамзаттық құндылықтар, отанға деген сүйіспеншілік, патриотизм, толеранттылық, көпұлтты мемлекеттің баға жетпес бірлігін және ұрпақтан-ұрпаққа беріліп отыратын ата-бабамыздың қасиетті мұрасын жырға қосады.

***

«Арқайым - Күннің қаласы»

Қазіргі заманғы технологиялардың көмегімен көрермендерді беймәлім болашаққа жетелер, ежелгі өткенімізге сапар шектіру сынды ғажайыптарды жасауға болады. Елорда тұрғындары мен қонақтары осы айтқанымызға жақын уақытта куә бола алады.
Елорда күнін мерекелеу аясында «Қазақ Елі» монументінің алдындағы алаңда «Арқайым - күннің қаласы» 3D интерактивті ойын-сауықтар қаласы орын тебеді.
Ойын-сауық аймақтарына бөлінген аталмыш бірегей кешенде ең үздік инновациялық жетістіктер мен ежелгі замандағы Ұлы даланың тұрмысы үйлесім табады. Оны жасау барысында барша әлем мойындаған және America's Got Talent, «Талант шоу» және т.б. ауқымды жобаларға қатысатын үздік шоу-технологиялар қолданылады.
Қалашық 4 аймақтан тұрады. Біріншісі, голографиялық театр, онда Айша бибі мен Қарахан батырдың кіршіксіз махаббаты жайлы әңгімеленеді. «Ұлы дала жетістіктері» мультимедиялық галереясында кеңістікте жан біткен ата-бабаларымыз қолдан жасаған ежелгі экспонаттарды көруге болады. Жүздеген жыл бұрын Шығыс Қазақстанда табылған алғашқы «Ақ бауыр» обсерваториясымен «Ашық ғарышқа саяхат. Астана» проекциялық театрында таныса аласыздар. Қонақтар жұлдыздардың көшпелі халықтың тұрмысындағы мән-мағынасы, алғашқы қазақстандық ғарышкерлер туралы біліп, Астанадан ашық ғарышқа сапар шегеді. Ең соңғы, төртінші аймақ - «Welcome to Astana city!» концерттік, ойын-сауық алаңы, мұнда әрленген және жаңадан түсіндірілген этникалық музыка орындалады. Бұдан басқа, қалашықта тақырыптық интерактивті аймақтар да жасалады. Аниматорлардың этно-футуристік костюмдері, осы стильдегі әдеттен тыс кәдесыйлар шаһарда ерекше атмосфера орнатпақ. «Арқайым - Күннің қаласы» қалашығы 5-6 шілде аралығында сағат 10.00 - 21.00 ашық болады.

***

Бродвейлік сән-салтанат - елордалық сахнада

Хореограф Пол Эмерсон бастаған үздік американдық би компанияларының бірі елорда тұрғындары мен қонақтарының назарына ерекше музыка мен нағыз бродвейлік мюзикл ұсынатын болады. Елорда күнін мерекелеу аясында және Қазақстан Республикасы мен Америка Құрама Штаттарының арасындағы ынтымақтастықтың орнағанына 25 жыл толуына орай Broadway Bound кештері өткізіледі.
Мюзикл бағдарламасында West Side Story-ден Cool, Wicked-тен Singing in the Rain және Defying , A Chorus Line-нан One және т.б. американдық әндер мен билер орындалады.
Әсерлі думанға отандық әртістер де қатысады. Американдық қонақтардың серіктестері - Амикаэла Гастон, Фрэнк Мартин, Гейвин Стюарт, Ванесса Оуэн, Катрин Пилкингтон, сахнада кем дегенде 50 дарынды қазақстандық биші өз өнерін ортаға салады.
Бродвейлік мюзикл кештері 4 шілдеде сағат 21.00 «Бәйтерек» монументінің алдындағы алаңда, сондай-ақ, 6 шілдеде сағат 17.00 Бейбітшілік және келісім сарайында өтеді.

***

Көк аспандағы мереке

Астана күніне орай елорда аспаны ерекше түрге енеді. 4-6 шілдеде қала тұрғындары мен қонақтары «Астана Аспаны» халықаралық шарлар мен батпырауықтар фестивалін тамашалай алады. Көк аспанда айдаһарлар, жыландар, түрлі жануарлар қалықтайды. Осы күндері Есіл өзенінің жағалауы мерекелік сауық-сайран орталығына айналады.
Үш күн бойы қатарынан Еуразиядағы ең ірі батпырауықтар фестивалі қала тұрғындары мен қонақтарына, үлкен кішінің бәріне жарқын қойылымдар, хореографиялық шоу мен көтеріңкі көңіл күй сыйлайды. Биылғы жыл ерекше болмақ. Мерекеге қатысушылар атақты ұшқыштар мен дизайнер-конструкторлардың шеберлігін тамашалайды, шара арнайы шақырылған ди-джейлердің шабытты музыкасының сүйемелдеуімен өтеді.
Мысалы, өткен жылдары Рамлаль Тиен, Франциядан Фредерик Рикье мен Роже Тесса-Гамбасси, Германиядан Рольф Циммерман, Фолькер Хоберг, Кирстен Зауэр мен Томас Йекель, Австриядан Анна Рубин, Ұлыбританиядан Дерек Кун, Сингапурден Айрин Тео мен Джон Тан, Испаниядан Los Hermanos Show Kites атынан Педро Гонсалес пен Mistral мен Vortex ұшқыштар тобы, сондай-ақ, ресейлік Prokite клубы сынды әйгілі батпырауық жасаушылар өз «достарын» фестивальге әкелген болатын. Бұл күндері алып және шағын фигураларды аспанға ұшыру үшін және шараны тамашалауға 15 мыңға жуық қонақ келеді деп күтілуде.

 ***

«Астана шаттық» - бақыт пен музыка керуені



Әдеттегідей Елорда күні тұтастай қала бойынша аталып өтеді. Түрлі салтанатты шаралар, фестивальдар мен көрерменнің көңілін көтеретін концерттер ұйымдастырылады. Астана қаласының тұрғын алаптарында да мерекелік көңіл күй орнайды. Дәстүр бойынша бұл күндері «Астана шаттық» шығармашылық автокеруені жолға шығады. Биыл автокеруен қала аудандарын жетінші рет аралайды. Танымал отандық эстрада жұлдыздарының, би ұжымдарының, аспапты ансамбльдердің, елордалық топтар мен әртістердің қатысуымен өтетін үш сағаттық көшпелі концерттер жергілікті тұрғындарға ерекше мерекелік атмосфера сыйлайды.
Фестиваль ересектердің де, балалардың да көңілінен шығады. Ұйымдастырушылар кішкентай астаналықтарға арнап көптеген тосын сый әзірлеп, викториналар мен байқаулар өткізеді.
4-6 шілде аралығында автокеруен елорданың үш ауданында да болып үлгереді. Бұл күндері әртістер сағат 14.30 - 21.00 аралығында сахна төрінде өз өнерлерін ортаға салатын болады. Соңғы күні мерекелік шара қаланың Орталық алаңында Гала-концертпен аяқталады.

 

*Шолуды дайындау үшін материалдар https://astana.gov.kz/kk/ және https://www.astanaday.kz/kk/ сайттарынан алынды