Астана күні мерекесінде жабық стадион пайдалануға беріледі

trong>Шілденің 1-і. ҚазАқпарат /Райхан Қоңыр/ - Астананың қала күні мерекесінде сәулеті ерекше, УЕФА стандартына сәйкестендірілген жабық стадион тапсырылады,

 деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Отыз мың көрерменге арналған жабық стадионның құрылысын ҚР Президенті Іс басқармасының тапсырысы бойынша түріктің «Алке Иншаат Санайи ве Тиджарет А.111» АҚ жүргізіп жатыр.

Футбол алаңын дайындау қазан айында бітеді. 2006 жылы басталған стадионның құрылысын атқаруға 900-ге тарта құрылысшы тартылған.