«Әрине, барлық мерекелеік шаралар Мемлекеттік Тудың көтерілуімен басталады. Ол рәсім 4 шілдеде Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен өтеді», - деп атап өтті Ж.Колчабаева.
Оның айтуынша, биыл шаралардың тізіміне өзгерістер енгізілген. Әркім өз талғамына сай келетін мерекелік шараны таңдай алады. Концерттердің басым бөлігі қазақстандық мәдениетті дәріптеп, қаланың этникалық ерекшеліктері мен ұлттық бояуын көрсетуге арналады.
14:04, 19 Маусым 2013
Астана күнін мерекелеу Қазақстан Президентінің қатысуымен Ту көтеру рәсімінен басталады
АСТАНА. 19 маусым. ҚазАқпарат - Астана күнін мерекелеу Қазақстан Президентінің қатысуымен Ту көтеру рәсімінен басталады. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте елорданың 15 жылдық мерейтойын дайындау және өткізу медиа тобының жетекшісі Жанар Колбачаева мәлімдеді.