«Астана күнінде әлемдік деңгейдегі опера және эстрада жұлдыздары келеді, сонымен қатар өзіміздің әншілер де өнер көрсетеді. Опера саласы бойынша Анна Нетребко мен Ла Скала театры келеді. Ал эстрада жұлдыздарынан Akon, Blue, Полина Гагарина, Лариса Долина сияқты әншілер қатысады. Ересек тыңдармандар үшін «ретро» стилінде концерттер ұйымдастырылып, оған «Дос Мұқасан» ансамблі, Роза Рымбаева және Юрий Антонов сынды майталмандар атсалысады», - деп атап өтті Б. Мажағұлов.
Оның айтуынша, биылғы мерекелік шараларға жалпы саны 20 мыңнан астам адам қатысады.
«Биыл біз мерекелік шараларды 20 маусымнан бастап 4 шілдеге дейін біртіндеп үдете түсеміз де, 5,6,7 шілде күндері негізгі мерекелік шараларды тарту етеміз. Осы күндері негізгі рухани-мәдени, спорттық және көңіл көтеру шаралары өтеді», - деді Б. Мажағұлов.