5 шілде күні Астананың ескі орталық алаңында «Аспазшылардың шеберлігі - сүйікті қалаға» атты фестивалінің аясында ұзындығы 150 метрлік «Кимпаб» роллын дайындау бойынша әлемдік Гиннес рекордын орнату шарасы өтеді.
Рекордты орнату үшін Бейбітшілік көшесінің бойына ұзындығы 160 метр болатын үстелдер орнатылып, онда корейліктердің сүйікті тағамы «Кимпаб» атты сушилары әзірленіп, қойылады. Осы уақытта «Корей барабандарының шоуы» ұжымының концерттік бағдарламасы басталады.
Жаңа әлемдік ректордты растау үшін Астанаға Гиннес рекордтары кітабының өкілдері арнайы ат тартып келді. Рекорд расталғаннан кейін шеф аспазшының командасы роллды теңдей бөліктерге бөліп, астана тұрғындары мен қала қонақтарына дәм-ауыз тигізетін болады.
Іс-шараны ұйымдастырушылар - Қаланың кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы, «KoreanHouse» мейрамханасы және Корей мәдениет орталығы.