Астана күнінде қазақстандықтар үш күн демалады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана күні қазақстандықтарды үш демалыс күнімен қуантпақ.

Өйткені биылғы жылы Астана күні, 6 шілде демалыс күніне түсіп тұр. Яғни «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» заңға сәйкес демалыс пен мереке күндері тұспа-тұс келген жағдайда, мерекеден кейінгі жұмыс күні демалыс болып саналады.

Осылайша, 5, 6 және 7 шілде демалыс күндері болады.